AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау 2023 / Жаңа экономикалық саясаттың негізі

Жаңа экономикалық саясаттың негізі

Жолдау 2023 21.09.2022, 06:10 2,010 Шухрад Шардинов, Алматы мәслихатының депутаты, Amanat партиясы фракциясының мүшесі
Жаңа экономикалық саясаттың негізі
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында дамудың негізгі бағыттарын айқындап берді.


Жаңа Жолдау экономикалық жүйені жаңғыртудың кешенді және тұжырымдамалық тәсілдерімен ерекшеленеді. Наурыздағы Жолдау барысында Мемлекет басшысы қыркүйекте Қазақстанды одан әрі дамытудың негізгі ұсыныстары мен қағидаттарын ұсынатынын мәлімдеген болатын. Президенттің отандастарымыздың игілігіне бағытталған саяси прагматизмін, жүйелі жұмысы мен айқын мақсаттарын көріп отырмыз.


Экономикалық мәселелерді шешу және салалар арасындағы тиімді тетіктерді құру үшін Жаңа экономикалық саясат принциптері ұсынылды.


⮚ Бірінші. Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру, мемлекеттік капитализмнен және экономикаға шектен тыс араласудан бас тарту. Бұл жерде атап өткім келетіні, әлемнің дамыған экономикаларының қалыптасуын талдау мемлекет экономика салаларын кәсіпкерлік ортаға, яғни бәсекелестік ортаға беретінін көрсетеді. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша әлем елдерінің рейтингісінде «Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі» деген жеке көрсеткіш бар. Бұл мемлекеттің экономикаға араласуын азайтудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.


⮚ Екінші. Бәсекелестікті дамыту, яғни барлығына тең мүмкіндіктер беру.


Осы орайда назар аударғым келетіні, стартап ашуға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге немесе кәсіпкерлікте жаңа бағыттарды ашуға бірдей мүмкіндіктер болған кезде қуатты экономика қалыптасады. Тұрақты экономика – шағын және орта бизнестің үлкен секторы қалыптасқан экономика екенін бәріміз жақсы білеміз. Қазақстанда жұмыс істеп тұрған шағын, орта кәсіпорындардың жалпы саны 1,4 миллион субъектіге жетті, бұл салада жұмыс істейтін адамдар саны 3,5 миллионды құрайды. Осы ретте бұл көрсеткіш санмен ғана өлшенбейтінін, ең бастысы – кәсіпорындардың сапасы мен тұрақтылығы екенін атап өткім келеді.


⮚ Үшінші. Ұлттық табысты әділ бөлу. Президенттің балалар капиталын қалыптастыру туралы шешімінің стратегиялық маңызы бар деп есептеймін. Өйткені, балалар – біздің кемел келешегіміз. Еліміздің барлық баласы кәмелетке толғанға дейін жоғары оқу орындарына немесе баспанаға бастапқы капитал алады. Бұл мемлекеттік қолдау шарасы Қазақстандағы  отбасыларға тікелей көмек көрсетеді.


Қорытындылай келгенде, Жолдау ел дамуының сапалы жаңа моделін жүзеге асыруды, Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсімінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саясат #жолдау #сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09

Алматы жаңа автобус бағыты мен LRT ашып, «ақылды» бағдаршам қойғалы жатыр

Бүгін 12:04

Жасанды интеллект мүмкіндік пе, қауіп пе?..

Бүгін 12:02

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);