AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жалған құжат жасағандарға қатысты қылмыстық іс қоз...

Жалған құжат жасағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Заң мен тəртіп 30.05.2025, 10:49 632 yakiya
Жалған құжат жасағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Іnbusiness.kz

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жалған құжат жасаған, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 394-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алматы облысында жалған құжат рәсімдеген Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері анықталды.

"Алматы облысында полиция қызметкерлері ХҚКО-ның үш қызметкері ұйымдастырған заңсыз көші-қон арнасын анықтады. Олар жеке басының пайдасы үшін заңды бұза отырып, еңбек мигранттарын заңдастыру үшін жалған құжаттар жасаған", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 394-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл жағдай ІІМ көші-қон қызметі комитеті ұйымдастырған ауқымды жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықталды.
Ақпаратқа сәйкес, полицейлер көші-қон заңнамасын бұзудың 7 мыңнан астам дерегіне тосқауыл қойды:
2,5 мыңнан астам шетелдік Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімдерін бұзған,
862 шетелдік тиісті рұқсатсыз жұмыс істеген,
499 қазақстандық жұмыс беруші заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартқан,
3 мыңнан астам қабылдаушы тұлға ішкі істер органдарына шетелдік азаматтардың өздерінде тұратыны туралы хабарламаған.

Барлық құқық бұзушы жауапқа тартылды. Сонымен қатар 678 шетелдік азамат елден шығарылды, енді оларға Қазақстанға кіруге бес жылға тыйым салынады. Алғаш рет Мысыр азаматтарының заңсыз еңбек қызметі фактісі тіркелді. Қарағандыда ірі құрылыс алаңында рұқсатсыз жұмыс істеген осы елдің 14 азаматы табылды.

"Алматы облысының Жамбыл ауданында көші-қон қызметінің қызметкерлері заңсыз алкоголь өндірумен айналысқан 12 ҚХР азаматын анықтады. Олардың да тиісті рұқсат құжаттары болмаған", - деп жазылған хабарламада.

Заңды ұдайы бұзатын жұмыс берушілер де назардан тыс қалмады. Қарағанды облысында шетелдіктерді заңсыз жұмысқа бірнеше рет тартудың үш жағдайы анықталды. Осы эпизодтар бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 395-бабымен қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құжат #мигрант #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы курорттарына шамамен 3 млн адам келген

Бүгін 08:56

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:42

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Кеше 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Кеше 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Кеше 18:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);