Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Із-түзсіз жоғалған атыраулық 24 жастағы жігітті із...

Із-түзсіз жоғалған атыраулық 24 жастағы жігітті іздестіру тоқтатылды

Оқиға 07.12.2022, 16:00 962
Із-түзсіз жоғалған атыраулық 24 жастағы жігітті іздестіру тоқтатылды
Сурет: Ашық дереккөз

Жоғалған жігіттің қай бағытқа кеткенін ешкім көрмеген


Атырау облысында із-түзсіз жоғалған 24 жастағы жігітті іздеу тоқтатылды. Өйткені, 20 қарашадан бері жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтиже бермеді. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы мәлім еткендей, 24 жастағы жігіт 20 қарашада із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қызылқоға ауданындағы Жамбыл ауылдық округіне қарайтын Қаракөл ауылында тұрған жігіт сағат 5:00-де үйінен шығып кеткен. Содан бері одан еш дерек болмай тұр.


Жоғалған жігіттің қай бағытқа кеткенін ешкім көрмеген. Алғашқы күні оны іздестіруге төтенше жағдайлар департаменті мен Қызылқоға аудандық полиция бөлімінен, жергілікті атқарушы орган мен туыстарынан 37 адам тартылған. Іздеу жұмыстары төрт күн қатарынан жүргізіліп, кейін тоқтатылған.



«Хабар-ошарсыз кеткен жігітті іздеу үшін 30 қарашада жергілікті уақытпен сағат 9:52-де «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ-ның «Еврокоптер» тікұшағы тартылған еді. Тікұшақ бортында 7 адам болды. Бірақ, әуеден барлау арқылы іздеу еш нәтиже берген жоқ», – деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.



Құтқарушылар жоғалған жігітті жазық даладан, сай-жыралардан, қараусыз қалған қыстақтар мен өзге де жерлерден іздестірді. Бірақ, нәтиже болмағандықтан, іздеу жұмыстары тоқтатылды. Енді қайта жалғаса ма, жоқ па, әзірге белгісіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#іздеу #жігіт #ТЖД
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Махаббат - мәңгі ертегі": әуен мен сезім үндескен кеш

Бүгін 22:32

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Бүгін 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика