ffin.kz

IX Еуразиялық монополияға қарсы форум

IX Еуразиялық монополияға қарсы форум YouTube

20-21 сәуірде Алматыда IX Еуразиялық монополияға қарсы форум өтеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


ЕАЭО және Орталық Азия елдеріндегі бәсекелестік пен монополияға қарсы реттеу саласындағы жыл сайынғы басты оқиға. Форум Еуразиялық экономикалық комиссияның қолдауымен өтуде. Биылғы жылдан бастап Форумның негізгі ұйымдастырушысы – Қазақстан, Ресей, Беларусь, Молдова, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің сарапшылары бас қосқан кәсіби ұйым – Монополияға қарсы сарапшылардың Еуразиялық альянсы. 20 сәуірде Форум аясында Альянстың ресми тұсаукесері өтеді.


Форумның негізгі сұрақтары:
• Еуразиялық аймақ елдеріндегі бәсекелестікті дамытудың өзекті мәселелері. Экономикаға мемлекеттің қатысуының рөлі
• Монополияға қарсы реттеудің елдің инвестициялық ахуалына әсері
• Монополияға қарсы тәуекелдердің алдын алу және төмендету бойынша практикалық шаралар
• Қазіргі әлемде үстемдік ететін компаниялардың бағасы
Ағымдағы жылы Форум аясында ЕАЭО-ның бухгалтерлік есеп және аудит қызметтері үшін трансшекаралық шешімдерді қабылдаумен нарықтағы бәсекелестікті қорғау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласы нарығын дамыту және қорғау мәселелері бойынша талқылаулар өтеді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларының қатысуымен өтетін кезектен тыс отырыс монополияға қарсы даулар бойынша дәлелдеу және сараптамалық білімдерді пайдалану мәселелеріне арналады.
Форумға қатысу ЕАЭО және Қазақстандағы монополияға қарсы реттеудің келешегі туралы білуге, монополияға қарсы органмен тиімді байланыс туралы практикалық білім алуға, реттеушіге тікелей сұрақтар қоюға және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.
 
Форум спикерлері:
Омаров Марат Талғатұлы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) (бейне хабарлама)
Шаққалиев Арман Абайұлы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі
Цыганов Андрей Геннадьевич
Ресейдің Федералдық монополияға қарсы қызметі басшысының орынбасары
Дэвид Найт
Дүниежүзілік банктің қаржылық, институционалдық және тең мүмкіндіктер бойынша жаһандық тәжірибе тобының Орталық Азиядағы жетекші экономист және бағдарлама менеджері
Иванов Алексей Юрьевич
БРИКС халықаралық бәсекелестік құқығы және саясаты орталығының директоры, HSE-Сколково заң институтының директоры. «Монополияға қарсы сарапшылардың Еуразиялық альянсы» ҮЕҰ Кеңесінің мүшесі, басқа спикерлер.


БАҚ аккредитациясы: 
БАҚ өкілдерін Алматыда, InterContinental Almaty қонақүйінде офлайн режимінде өтетін Форумның бірінші күнінің бірінші сессиясына қатысуға шақырамыз. Уақыты: 20 сәуір 09.00-12.00


Аккредиттеу үшін БАҚ өкілдерінің деректерін zh.zhumabekova@azrk.gov.kz электрондық мекенжайына толық аты-жөні, БАҚ атауы, ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы арқылы жіберуіңізді сұраймыз. БАҚ-ты аккредиттеу сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі. 18 сәуір, 2023 жыл.
Байланыс телефондары: 8 701 110 7007; 8 7172 75 16 41 Жанар Жұмабекова Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі.


Барлық ақпарат және толық бағдарлама https://www.eurasianantitrustforum.com/ сілтемесінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32

12:13

11:56