Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / ЮНИСЕФ Алматы емханасында патронаттық қызметтің жұ...

ЮНИСЕФ Алматы емханасында патронаттық қызметтің жұмысымен танысты

Медицина 10.02.2023, 06:27 1,731
ЮНИСЕФ Алматы емханасында патронаттық қызметтің жұмысымен танысты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Емхана жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға патронаттық қызмет көрсетеді.


Бүгін ЮНИСЕФ-тің Женевадағы аймақтық кеңесшісі Габриэль Фонтана және №26 қалалық емхана жанындағы әмбебап озық патронаж үлгісі республикалық үйлестірушілері жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға патронаттық қызмет көрсетудің әмбебап озық үлгісінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бүгінгі таңда емханада 5 жасқа дейінгі 5914 бала медициналық көмек алады, 467 әйел жүктілігі бойынша есепте тұр.


Кездесу барысында емхананың бас дәрігері Айгүл Тұрысбекова балаларды дамыту кабинетін, ресурстық орталықты, жастар орталығын көрсетіп, психолог, әлеуметтанушы, медбикелердің жұмысымен таныстырды.


Өкілдер әмбебап озық үлгінің жұмысына қатысты сауалдарын қойды, оған емхана қызметкерлері жан-жақты жауап берді.


Сондай-ақ, экскурсия аясында қонақтар кәсіби міндеттерін тиімді атқару мақсатында медицина қызметкерлері біліктілігін арттыратын оқу-симуляциялық орталықта болды.



2022 жылы «N26 қалалық емхана» Наурызбай ауданындағы «Үздік тәжірибе орталығы» болып таңдалған.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ЮНИСЕФ-пен 2017 жылы «Әмбебап озық патронаж үлгісі» пилоттық жобасын іске қосқан болатын.


Әмбебап озық патронаж үлгісі бойынша республикалық үйлестіруші Наталья Кимнің айтуынша, жоба балалар мен сәбилер өлімін, шала туу мен сырқаттанушылықты азайтуға бағытталған.



«Үйде қарау қызметі баланың жан-жақты дамуына, бала жарақатын азайтуға, отбасылық қарым-қатынасты жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл үлгі денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметтеріне әлеуметтік осал және оқшауланған отбасыларды тартады», - дейді ол.



Қазақстанға ғана тән әмбебап озық патронаж үлгісі осы уақытқа дейін Алматыда нәресте өлімі бойынша айтарлықтай нәтиже көрсетті.


Франциядан келген қонақтар емхана ұжымын табысты жұмысымен құттықтап, алғысын білдірді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#емхана #Алматы #юнисеф
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің еріктілері «Аяла» орталығында қайырымдылық акциясын өткізді

Бүгін 21:18

«Орталық Азия мұраты» монографиясы жарық көрді

Бүгін 18:31

Қазақстан прокатына «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі шығады

Бүгін 18:14

Алмаша Аренова: Қазақстан мен Орталық Азияның стратегиялық әріптестігі жаңа жаһандық жағдайда айрықша мәнге ие

Бүгін 18:10

Қазақстанда балалар күніне 130 минут TikTok көреді

Бүгін 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі