AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Мұны білген жөн 02.04.2026, 18:24 301 Сұлу
Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?
Нейрожелі арқылы жасалған сурет

Барселонада 25 жастағы Ноэлья Кастильо өмірден өтті. Бірқатар ауыр оқиғаны бастан кешірген қыз сал болып қалып, эвтаназия жасау құқығына қол жеткізген еді. Оның оқиғасы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Ноэлья Кастильоның ісі Испанияда эвтаназия, адам құқығы және моральдық таңдау төңірегіндегі дауды қайта ушықтырды. Ол биыл 26 наурызда қайтыс болды. Осы оқиғадан кейін "Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?" деген сауал өршіді. Аqshamnews.kz тілшісі бұл сұрақтың жауабын іздеп көрді.

Исламда адам өмірі — Алланың аманаты. Сондықтан пенденің өз өмірін әдейі қиюына да, басқа біреудің өмірін тоқтатуына да рұқсат етілмейді. Құранда: "Өздеріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге ерекше мейірімді" деп ескертіледі ("Бақара" сүресі, 195-аят). Осыған байланысты ислам ғалымдарының басым көпшілігі эвтаназияны шариғатқа қайшы деп бағалайды. Бұл туралы IslamQA жауабында да, SeekersGuidance түсіндірмесінде де ашық айтылған.

Ислам түсінігінде дерт пен сынақ адамды рухани тұрғыдан тазартып, сабырға шақыратын жағдай ретінде қарастырылады. Сол себепті қасақана өмірді тоқтату "жеңіл өлім" емес, Жаратушы белгілеген шектен шығу деп танылады. Адам жаны мен тәні оның толық меншігі емес, уақытша берілген аманат саналады. Бұл ұстаным ислам этикасында кеңінен көрініс тапқан.

Сонымен қатар, исламда белсенді эвтаназия мен үмітсіз науқасты аппараттан ажырату бір нәрсе емес. Қазақстандағы пәтуа сайтында жарияланған түсіндірмеде эвтаназияның өзі шариғат бойынша тыйым салынатыны, ал дәрігерлер кеңесінің шешімімен тірі қалуға үміті жоқ науқастан жасанды аппараттарды ажырату кей жағдайда рұқсат етілетіні айтылған. Мұны Fatua.kz сайтындағы пәтуадан оқуға болады. Халықаралық деңгейде де осыған ұқсас ұстаным International Islamic Fiqh Academy шешімдерінде көрініс тапқан.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің үкімі:

1. Тыныс алуды жеңілдету үшін сұйықтықтарды шығаруға арналған аппараттарды ажыратуға болмайды.

2. Эвтаназия дегеніміз дәрігер науқастың өзінің немесе жанашырының келісімімен, болмаса дәрігердің өзі науқастың ауруы күшеюіне байланысты өмірін қию. Бұлай істеу шариғат бойынша тыйым салынған. Ол жазықсыз бір адамның жанын қиғанмен тең.

3. Дәрігерлердің кеңесінің (консилиум) шешімімен жасанды жолмен жүрек қағысын белгілі уақытқа дейін соғып тұруына арналған медициналық аппаратты тірі қалуға үміті жоқ науқастан ажыратуға рұқсат етіледі.

Сондықтан исламда эвтаназияға рұқсат етілмейді. Өйткені өмірді беру де, алу да - тек Алланың құзырындағы іс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ислам #өлім #қол салу #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);