AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / IPhone «сатқан» алматылық алаяқтар ел тұрғындарын...

IPhone «сатқан» алматылық алаяқтар ел тұрғындарын 2 млн теңгеге алдап кетті

Заң мен тəртіп 20.04.2023, 12:08 1,551
IPhone «сатқан» алматылық алаяқтар ел тұрғындарын 2 млн теңгеге алдап кетті
Сурет: Polisia.kz

Instagram арқылы телефон сатамыз деп қазақстандықтарды сан соқтырған күдіктілер ұсталды.


18-20 сәуір аралығында Атырау облысының аумағында “Anti-fraud” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында Атырау облысы полиция департаменті және Талдықорған қалалық полиция басқармасы киберқылмысқа қарсы күрес кызметкерлері бірлесіп қылмыстық топты анықтап, ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Күдіктілер әлеуметтік желі арқылы жалған парақша ашып, Iphone телефонын саудалап, алаяқтық әрекетімен айналысқан. Нарықтағы бағадан арзан смартфон аламын деген тұрғындар ақшасынан оңай айырылып қалған. Ал алаяқтар ақшаларды қолма-қол шығару арқылы дропперлерге аударып, кейін өздерінің есепшоттарына аударып отырған.


Жәбірленушілер арасында Семей қаласы, Алматы, Астана қаласы, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау қаласы, Ұлытау, Өскемен қаласы, Шымкент, Орал қаласы, Павлодар облыстарының тұрғындары бар. Ұсталған 18 жастағы және 56 жастағы күдіктілер Алматы қаласының тұрғындары екені анықталды. Тексеру кезінде екі IPhone 14 және IPhone 12, IPhone 6s , Samsung, ноутбук, 12 SIM-карта, Beeline модемі, түбіртектер тәркіленді.


Келтірілген шығын көлемі 2 млн теңгеге жуық екені анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 190-баптың 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#IPhone #Алаяқтар #күдіктілер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев «KUSTO GROUP», «CP GROUP», «CP CHINA» компанияларының басшыларымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кеше 22:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Комиссияға Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

Кеше 18:36

Алматыда Мұғалімдер күніне орай қаланың үздік педагогтері марапатталды

Кеше 17:47

Балалар алаңынан үлкен қоғамдық кеңістікке дейін: Алматыда Бұрындай көшесіндегі аумақ жаңарды

Кеше 17:44

Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді

Кеше 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);