конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Инвестиция салу деген алаяқтықтың жаңа түрі пайда...

Инвестиция салу деген алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Оқиға 18.05.2022, 09:15 1,271
Инвестиция салу деген алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Сурет: Мsph.ru

Алаяқтар қазақстандықтарды алдаудың жаңа әдісін ойлап тапты.


Әлеуметтік желіде алаяқтар қазақстандықтарды танымал компаниялардың акцияларына инвестиция салуға шақырып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қазақстандық мыс өндіруші KAZ Minerals компаниясы алаяқтық фактілерінің көбейгені туралы мәлімдеді.


Бұл жолы алаяқтар қазақстандықтардың дербес деректері мен жеке жинағын қолға түсіруге тырысып, компанияның атын пайдалана бастаған. Әсіресе, әлеуметтік желіде белсенділік артып тұр. Мұнда жалған жарнамаға сілтемелер мен жазбалар жарияланып жатыр, деп мәлімдеді KAZ Minerals баспасөз қызметі.



«Соңғы уақытта алаяқтар қаржы институттарымен шектелмей, экономиканың басқа секторындағы табысты қазақстандық брендтерді, соның ішінде KAZ Minerals компаниясының атауын халықты алдап соғу мақсатында қолданып жатыр», - деді KAZ Minerals тобының корпоративтік байланыс департаментінің басшысы Мақсұт Жапабаев.



Ол компания жақында ғана биржадан кеткенін, жеке меншікке өткенін мәлімдеді. Сондықтан қазір оның акциялары еркін айналымда жоқ.



«Біз компанияның азаматтарға арналған инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асырмайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Осы орайда қазақстандықтарды сақ болуға, ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жеке деректерін ешкімге хабарламауға, компанияның ресми ресурстарында күмәнді ақпаратты қайта-қайта тексеруге шақырамыз», - деді Мақсұт Жапабаев.



Компания тиісті ведомстволарға, соның ішінде Қазақстанның ішкі істер министрлігі және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне үндеу хаттар дайындап жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқ #инвестиция #акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда сарапшылар ел болашағын айқындайтын құндылықтарды талқылады

Кеше 21:15

Алматыда Корея Республикасының жетекші сарапшылары қатысатын халықаралық форумы өтеді

Кеше 17:16

Алматы кітапханаларына жарты жылда 700 мыңнан астам келуші тіркелді

Кеше 16:18

«Әке жолын қуса - игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасып келеді

Кеше 15:44

Алматыдағы тағы бір көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Кеше 15:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);