AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Интернет-алаяқтарға көмектескен қылмыстық топтарды...

Интернет-алаяқтарға көмектескен қылмыстық топтардың жолы кесілді

Заң мен тəртіп 10.08.2024, 17:20 1,032 dulatbekova
Интернет-алаяқтарға көмектескен қылмыстық топтардың жолы кесілді
Сурет: Polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында интернет-алаяқтарға көмектесіп, жәбірленушілердің ақшаларын жымқыратын қылмыстық топтар анықталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Арнайы операцияны Жетісу облысы ПД Киберпол қызметкерлері қарағандылық және солтүстікқазақстандық әріптестерімен бірлесіп, ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес орталығы, сондай-ақ өңір прокуратурасының үйлестіруімен жүргізді.

 – Тінту барысында 35 ұялы телефон, 135 сим-карта, 2 пневматикалық тапанша және 3 қымбат көлік тәркіленді. Бүгінгі таңда 80 жәбірленуші анықталды, олардың шығыны 100 млн теңгеден асады. Тәркіленген мобильді құрылғыларды талдау жалғасуда және жәбірленушілер саны мен келтірілген залал сомасы айтарлықтай өсуі мүмкін, – деп атап өтті ПД бастығының орынбасары Елдар Абдикенов.

Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тәркіленген мобильді құрылғыларда банктік қосымшалар бар, олардың көмегімен қаскөйлер интернет-алаяқтықтың құрбаны болған азаматтардың қаражатын жымқырған. Полицейлер азаматтарды қырағы болуға және жеке деректерді басқа адамдарға бермеуге, телефондарға белгісіз қосымшалар орнатпауға шақырады. Сонымен қатар интернеттегі қаржылық операцияларды жүргізу кезінде сақ болуды ескертеді. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болдым деп күдіктенсеңіз, бұл туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Интернет-алаяқтық #Қылмыстық топ #Көмектесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы халықаралық Turkic Game Jam 2026 хакатонының алаңына айналды

Кеше 17:13

Алматы есірткіге қарсы бірікті: ҚБТУ алаңында алып ту жайылды

Кеше 16:51

Президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларымен кездесті

Кеше 16:40

Алматыда кезекті заңсыз нысан сүрілді

Кеше 16:02

Алматыда Достық даңғылының, Зенков және Атамекен көшелерінің жекелеген учаскелерінде біржақты қозғалыс енгізіледі

Кеше 16:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);