Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Информбюроға» 30 жыл! Көрерменмен қайта жүздесу

«Информбюроға» 30 жыл! Көрерменмен қайта жүздесу

Мәдениет Бүгін 16:42 39
«Информбюроға» 30 жыл! Көрерменмен қайта жүздесу

Биыл ақиқат алаңына айналған “Информбюроға” 30 жыл толып отыр. Осы маңызды кезеңмен тұспа-тұс келген тағы бір жағымды жаңалық “31 арнаның” жаңа тынысы - Лимара Салихтың көгілдір экранға қайта оралуы.

Бүгінде 31 арна медианарықта өзіндік орны бар, көш басындағы іргелі телеарналардың біріне айналды. Осы жылдар аралығында эфир тізгінін ұстаған  талай талантты тележүргізуші көрерменнің жүрегінен орын алды. Қазіргі күні жаңалықтардың басы-қасында болған қыз-жігіттердің әрқайсысы өз атын қалыптастырған, елге танымал тұлғалар. Солардың ішінде ерекше есте қалған жүргізушінің бірі – Лимара Салих. Ол – “31 арнада” ұзақ жылдар бойы адал қызмет етіп келеді.  Лимара студент кезінде жүргізушілік қабілетімен көзге түсіп, 2005 жылы «31 арна Өскемен» телеарнасына кастингке шақырту алады. Байқаудан сүрінбей өткен түлек осылайша “Информбюро - Өскемен” жаңалықтарының жүргізушісі ретінде журналистикадағы алғашқы қадамын бастайды. Тілшілік жолының бастауын да, өрлеу кезеңін де 31 арнамен байланыстырған маман көрерменге кәсібилігімен және шынайылығымен танылды.

Енді, араға 10 жыл салып, Лимара Салихтың эфирге қайта оралуы ақпараттық кеңістікке жаңа серпін берері сөзсіз. 10 жыл аз уақыт емес, әрине. Бірақ Лимара Салих кадрда болмағанымен, журналистикадан алыстаған жоқ. Ол жүргізуші-тілшілік қызметінен кейін «Информбюроның» аймақ тілшілері редакциясының редакторы қызметіне келді. Қазақ редакциясына Қазақстанның түкпір-түкпірінен журналистерді тартып, жас мамандардың белін буып, буынын қатайтып, қаламын ұштауға түрткі болды. Қазір “Информбюроның” қазақ бөлімін басқарады. Ұстанымына берік, өз ойы, өз пікірі бар журналистің жаңашылдық жолында жасап жатқан қадамын әріптестері қолдады. Сондықтан Лимара Салихтың редакторлық тәжірибесі мен жүргізушілік талантын біріктіре отырып, тікелей эфирде жаңалықтар тарату қажеттілігі туралы ортақ шешім қабылданды. Заманауи журналистика жаңа деңгейге өткелі, аудиторияның талғамы біршама өзгерді. Осындай кезеңде тәжірибелі маманның эфирге қайта оралуы көңіл қуантарлық жағдай екені анық. Ендеше, көпжылдық тәжірибе мен кәсіби шеберлік тоғысқан бұл сәт тек арнаның тарихындағы маңызды белес қана емес, сонымен қатар көрермен сенімін нығайта түсетін жаңа бастамалардың бірі болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Журналистика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада республикалық веложарыс өтті

Бүгін 18:18

Павлодарлық «Ertis» әйелдер арасындағы Ұлттық баскетбол лигасының жартылай финалына жолдама алды.

Бүгін 18:15

Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингінде 7-орынға шықты

Бүгін 18:12

Қамзол қайда, Ақбоз ат?

Бүгін 17:59

Енді пәтерге тіркеуге шектеу енгізілуі мүмкін

Бүгін 17:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика