Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / ІІМ бес өңірде ауқымды арнайы операция өткізді: 32...

ІІМ бес өңірде ауқымды арнайы операция өткізді: 32 адам ұсталды

Оқиға 28.08.2021, 09:26 1,062
ІІМ бес өңірде ауқымды арнайы операция өткізді: 32 адам ұсталды
сурет: Egemen.kz

Қылмыстық жүйені ұйымдастырушылар заңсыз алтын іздеуші «бригадирлерді» қаржыландыра отырып, заңсыз алтын өндіру жұмысын жүргізуге жағдай жасаған. 


Ішкі істер министрлігі еліміздегі 5 өңірде ауқымды арнайы операция өткізді. Барлығы 32 адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.


Ақмола облысындағы кеніш және кәсіпорындардағы алтыны бар материалдарды жымқырумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесу үшін Ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы жасақты тарта отырып Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақмола, Маңғыстау облыстарында арнайы операция өткізді. Қылмыстық жүйені ұйымдастырушылар заңсыз алтын іздеуші «бригадирлерді» қаржыландыра отырып заңсыз алтын өндіру жұмысын жүргізуге жағдай жасаған. Кешенді іс-шара барысында қылмыстық жүйенің барлық әрекеті құжатқа түсірілді. Оның ішінде заңсыз алтын өндіруден бастап, дайын зергерлік бұйымды сату орындары да қамтылған. Тіпті өнімді көліктегі жасырын орында алып жүру, оған қолдан жасалған құжаттар әзірлеу де бар.


27 тамызда 40 нысанды тінту кезенді мынадай заттар тәркіленді: – алтыны бар металды өнідіретін цехтың қызметін ұйымдастыруға қажетті құрылғылар (ұстату қондырғысы, химикат-реактивтер және басқа да қолдан әзірленген саймандар); – Алматы мен Шымкенттегі зергер бұйымдарын балқытатын және әзірлейтін екі жасырын цех (балқыту станогі, алтын құятын қалып, концентраттар және басқа да құрал-жабдықтар); –95 млн 801 мың теңге және 356 мың АҚШ доллары; – алтын бұйымдар мен ұсақ алтын қиыршығы, жалпы салмағы 10 келіден асады; – 13 қымбат көлік (2020-2021 жылғы Lexus LX 570, Nissan Patrol, Toyota); – 5 қару; – Шымкенттегі жасырын цехтың қызметіне қатысты құжаттар. Қылмысқа қатысты деген күдікпен 32 адам ұсталды, оның 9-ы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабымен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық топты ұйымдастырушылардың үстінен Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1,2-бөлігімен, 188-баптың 4-бөлігімен, 196-баптың 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ІІМ #заң #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика