AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты...

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Заң мен тəртіп 04.04.2026, 14:15 267 Сұлу
ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады
Ақорданың баспасөз қызметі

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Сәденовтің айтуынша, ІМ даулы апаттың мән-жайын жан-жақты әрі объектив тергеу үшін және барлық кінәлінің жазадан құтылып кетпеуі үшін шаралар қабылдап жатыр.

"Апат дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Zeekr автокөлігінің күдікті жүргізушісі сот шешімімен қамауға алынды. Жол-көлік оқиғасы кезінде ол мас болғаны анықталды. Сонымен қатар, бұрынғы полиция қызметкерінің әрекетсіздігі және мемлекеттік нөмірлік белгілердің заңсыз берілуі деректері бойынша да қылмыстық істер қозғалды. Тергеуді ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті жүргізіп жатыр. Қоғамда таралған барлық мәлімет тексеріліп жатыр", - деді ІІМ басшысы.

Жағдайды объектив бағалау үшін Алматыға ІІМ комиссиясы - Өзіндік қауіпсіздік департаменті, Әкімшілік полиция комитеті және Жеке құраммен жұмыс департаменті жіберілді.

"Жедел-қызметтік жұмыстағы олқылықтары үшін Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, сондай-ақ, әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметінен босатылды. Қазір қызметтік тәртіпті нығайту және өз қатарларымызда заңдылықты қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылданып жатыр", - деді Сәденов.

Сонымен қатар, қалаға басқа өңірлерден күшейтілген полиция жасақтары жіберілді. Ауқымды пысықтау және рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Іс-шаралардың алғашқы күндерінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 4,8 мыңнан аса дерегі анықталды, оның ішінде мас күйде көлік басқару, қарсы жолаққа шығу, жалған нөмірлерді пайдалану және құқықсыз көлік айдау деректері бар. Айыппұл тұрағына 2 мыңнан аса көлік қойылды.
Мұндай күшейтілген тексерістер бүкіл ел бойынша жүргізіліп жатыр.

"Тергеу барысы менің жеке бақылауымда. Барлық кінәлілер заңға сәйкес қатаң жауапқа тартылады. Мәртебесіне, лауазымына және байланыстарына қарамастан ешкім жазадан құтылмайды. Заң алдында бәрі тең. Заң мен тәртіп - қоғамдағы қауіпсіздік пен әділдіктің негізі", - деп толықтырды Ержан Сәденов.

Істің мән-жайы

Еске салайық, 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болды. Батыс бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатқан Zeekr қарсы жолаққа шығып кетіп, шығысқа қарай кетіп бара жатқан Mercedes көлігін соққан.

Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы (22 және 20 жастағы қыздар) оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жол апаты #ІІМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);