AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Хоккейшілеріміз Словенияны тоғызыншы мәрте жеңді

Хоккейшілеріміз Словенияны тоғызыншы мәрте жеңді

Спорт 23.05.2023, 03:10 1,345
Хоккейшілеріміз Словенияны тоғызыншы мәрте жеңді
Сурет: Ашық дереккөз

Турнир кестесінде құрамалар соңғы орындарда тұрған еді


Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы Словениямен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Турнир кестесінде құрамалар соңғы орындарда тұрған еді.


Словениялық құрама алты ойыннан кейін бір де бір ұпай ала алған жоқ. Салдарынан бір тур бұрын бірінші дивизионға түсіп қалатыны белгілі болды.


Ал қазақстандық хоккейшілер биылғы әлем чемпионатында алты кездесу өткізді. Бұған дейін буллиттен Норвегия мен Словакияны 4:3 есебімен жеңді.


Ал Чехия мен Канадаға 1:5, Швейцарияға 0:5, Латвияға 0:7 есебімен жол берді.


Бүгінгі кездесуді словениялық хоккейшілер белсенді бастады.


Нәтижесінде 1-минутта Анже Куральт есеп ашып кетті. Оған 18-минутта қазақстандық Никита Михайлис бір голмен жауап қайырды.


Екінші кезеңнің 21-минутында Анже Куральт өз құрамасын тағы алға шығарса, 39-минутта қазақстандық Батырлан Мұратовтың голынан кейін қайтадан таразы басын теңесті.


Үшінші кезеңде словениялық Ян Дрозг 42-минутта мергендік танытты, одан кейін қазақстандық Евгений Рымарев 51, Максим Мухаметов 56-минутта екі шайба соқты.


Осылайша ел құрамасы қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті.


Екі құрама бұған дейін он бір мәрте кездескен. Сегіз ойында Қазақстан, үшеуінде Словения жеңіске жетті.


Енді 23 мамырда жетінші турдың қалған ойындары өткізіледі.


Қазақстандық хоккейшілер 2024 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизиондағы ойынына қатысу мүмкіндігін сақтап қалды.


Дүбірлі дода алдағы жылдың 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтеді.


Айта кетсек, биыл Венгрия мен Словения құрамалары элиталық дивизионнан түсіп қалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Хоккей #ӘЧ #Словения
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика