Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Халықтың ақшалай табысы 12%-ға өсті

Халықтың ақшалай табысы 12%-ға өсті

Экономика 31.01.2022, 08:09 1,461
Халықтың ақшалай табысы 12%-ға өсті
Cурет: Zen.yandex.ru

Finprom.kz статистикасы бойынша, Қазақстан халқының ақшалай табысы бір жылда 12%-ға, тоқсанына 211 мың теңгеге дейін өсті. 2021 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша, халықтың табысы бір жылда 11,5%-ға, 210,7 мың теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


2020 жылдың ұқсас кезеңінде Қазақстан халқының тоқсандық табысы 189 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 7,5%-ға артық.


Өңірлік бөліністе ең көп табыс елорда тұрғындарында тіркелді: үшінші тоқсанда 293,1 мың теңге, жылдық өсім - 15,7%. Көшбасшылар үштігіне Қарағанды облысы (273,7 мың теңге, 18,1%) және Алматы (254,1 мың теңге, 6,9%) кірді.


Азаматтар табыстарының басым бөлігін еңбек қызметінен алды: 148 мың теңге, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 16,4%-ға артық. Оның 127,4 мың теңгесі жалданып жұмыс істеуден түскен табыс, 20,6 мың теңгесі - өзін-өзі жұмыспен қамтудан және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс.


Әлеуметтік трансферттер жылына 1%-ға, 53,4 мың теңгеге дейін өсті. Оның ішінде 44,1 мың теңгені зейнетақы, 8,3 мың теңгені жәрдемақы, 966 теңгені шәкіртақы, 80 теңгені АӘК және тұрғын үй көмегі құрады. Туыстардан, таныстардан материалдық көмек, алимент 6,2%-ға дейін өсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақша #табыс #статистика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі