Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Халықаралық спортта допингке жаза қатал

Халықаралық спортта допингке жаза қатал

Спорт 23.02.2023, 05:01 1,404
Халықаралық спортта допингке жаза қатал
Сурет: Rbc.ru

Әлемде допингпен күрес барған сайын күшейтілуде.


Осы мәселені қадағалайтын дүниежүзілік агенттік соңғы жылдары тыйым салған препараттарды қолданған спортшыларды жазалауды қатаңдата түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Допингке қарсы дүниежүзілік агенттік өзінің басты құжаты – допингпен күрес жөніндегі Кодексті 6 жылда бір рет талқылайды. Әдетте ұйымның кезекті басқосуынан кейін ережеге өзгертулер енгізіліп, тәртіп қатаңдатылады. Мысалы, 2015 жылы тыйым салынған заттарды алғаш рет қолданған спортшыны жарыстан шеттету мерзімі 2 жылдан 4 жылға ұзартылды.  



«2012 жылға дейін допингті қолданған жеңіл атлет спорттан 2 жыл ғана  шеттетілетін еді. Қазір жаза – 4 жыл. Тәртіп бұзу мен қолданылған препарат бір болғанымен, шектеу мерзімі ұзартылған»,  - дейді спорт журналисі Владимир Иванов.



Ал спортшы допингті екінші рет қолданса, жарыстардан 8 жылға  алыстатылады. Сарапшылар ұзақ үзілістен кейін адамның үлкен спортқа оралуы екіталай дейді. Бірақ мұндай жағдайлар жоқ емес.



«Мысал ретінде 2006 жылғы америкалық желаяқ Джастин Гэтлинмен болған оқиғаны айтуға болады. Ол алғаш рет допинг қолданып ұсталған соң спортқа қайта оралды. Көп ұзамай тыйым салған дәріні тағы қолданды деген айыппен спорттан екінші рет қуылады. Бірақ атлет барлық кінәні жаттықтырушы мен дәрігерлеріне жауып, жаза мерзімін қысқартуға қол жеткізді. Кейін үлкен додаларға қатысып, Усейн Болттан озып әлем чемпионы атанады», - дейді спорт журналисі Владимир Иванов. 



Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік 2 жыл бұрын жаңа кодекс қабылдап, тәртіп тағы қатаңдатылды. Бірақ жеңіл есірткілерге қатысты тәртіп біршама жеңілдетілген. Атлет оларды жарыстан тыс кездерде қолданса, спорттан баяғыдай бірнеше жылға емес 3 айға ғана шеттетілуі мүмкін.



«Егер спортшы бұл заттарды спорттық мақсатта қолданбағанын дәлелдесе, шектеу шараларын 2-4 жылдан 3 айға дейін азайтуына болады. Ал оңалту бағдарламасын өтуге келіссе, шектеу 1 айға ғана созылады», - дейді заңгер Сергей Лысенко.



Қалай дегенмен халықаралық спортта допингке жаза қатал. Тыйым салынған заттарды пайдалану соңы үлкен спортпен қош айтысуға әкелуі мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Допинг #Жаза #халықаралық спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

СІМ Польшада қаза тапқан қазақстандыққа қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін 09:34

Алматы қаласының белсенді жастары жаңа Конституция жобасын қолдады

Бүгін 09:20

Алматылық онколог сүт безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілері туралы айтты

Бүгін 09:16

Қарлы боран, көктайғақ: жұма күні ел өңірлерінде ауа райы қандай?

Бүгін 09:09

Алматыда Қазақстанның қаржы секторы алдағы референдумды қолдады

Кеше 18:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика