Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Хакімнің 180 жылдық мерейтойына орай Абай ескерткі...

Хакімнің 180 жылдық мерейтойына орай Абай ескерткішіне тағзым етілді

Барлығы 10.08.2025, 12:41 753
Хакімнің 180 жылдық мерейтойына орай Абай ескерткішіне тағзым етілді
сурет: Қайрат Қонысбаев

10 тамыз қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Алматы қаласында бірқатар рухани-мәдени іс-шаралар өтіп жатыр. Бүгін, 10 тамыздағы мәдени-рухани шаралар легі Абай ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қоюдан басталды. Дәстүрлі шара қала орталығындағы Абай алаңында ұйымдастырылды.

Шараға зиялы қауым өкілдері, қала әкімдігі, Мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, белсенді жастар мен қала тұрғындары қатысты. Жиналған қауым ақын рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

 

Шара аясында Н.Тілендиев атындағы Мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің сүйемелдеуімен жиналған жұрт Ұлы Абайдың рухы алдында бас иіп, оның өшпес мұрасын тағы бір еске алу мақсатында «Көзімнің қарасы» әнін шырқады. 

Абай Құнанбайұлы – қазақ әдебиеті мен руханиятының шамшырағы. Оның қалдырған мол мұрасы мен даналыққа толы ой-толғаулары бүгінгі қоғам үшін әлі де өзекті. Бұл күн – тек ақынның туған күнін еске алу ғана емес, ұлттың рухани жаңғыруына бағытталған маңызды белес.

"Абайды тануымыз жыл сайын тереңдеп келеді, біз жыл сайын Абайға жақындап келе жатырмыз. 180 жылдық Қазақстанның түкпір-түкпірінде, оның ішінде алтын шаһар – Алматыда айрықша аталып жатыр. Біз Абайды таныған сайын халқымызды танып қана қоймай, жұртымыздың кемшілігін көреміз. Бүгінгі Алматы қаласының әкімдігі соған жағдай жасап отыр. Құрметті қауым, Абай тойы құтты болсын, бұл мерейтой тарқамасын", – деді жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай. 

Сайран ЖАНТӨРЕЕВА, «Гранд Ана» тобының жетекшісі: 

"Бүгін керемет мереке! Абай атамыздың 180 жылдығын тойлап жатырмыз. Бұл біздің қатысып отырған үшінші іс-шарамыз. Шараның ұйымдастырылуы өте жоғары деңгейде! Қазақ жастарына үлгі болу үшін бүгін міне, қазақи нақышта киіндік", – деді. 

Қала жұртшылығы белсенді түрде Абай мерейтойын атап өтуде. Бүгін Абай алаңына 5000-ға жуық адам жиналып, хакімнің әнін шырқады. Рухани шара елдің еңсесін биіктетіп, Абай аманатын қайта ой елегінен өткізуге мүмкіндік бергені анық.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика