AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғылым және жоғары білім министрі бір топ түрколог...

Ғылым және жоғары білім министрі бір топ түрколог ғалымды марапаттады

Білім және ғылым 01.09.2022, 05:35 1,443
Ғылым және жоғары білім министрі бір топ түрколог ғалымды марапаттады
Сурет: Elorda.info

Ғылым және жоғары білім министрі, Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің төрағасы Саясат Нұрбек бұрын зерттелмеген көне түркі ескерткіштерін тапқан түрколог ғалымдарды марапаттады.


Ғалымдар Номгон кешенін Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта жаңғыртушы Құтлық Елтеріс қағанға арналған деген болжам жасап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 


Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәлімдеуінше, Моңғолияның Ғылым академиясы Тарих және археология институтының археологы  A. Энхтөрге, түрколог ғалымдар Н. Базылхан мен Н. Бөгенбаевқа министрліктің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ, аталған ғалымдарға және Халықаралық Түркі академиясының президенті Д. Қыдырәліге министрдің алғыс хаттары берілді.


24-тамыз күні Номгон (Моңғолия) өңірінде жүргізілген ғылыми археологиялық экспедицияның нәтижелері жарияланды. Экспедицияны Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясының Археология институты бірлесіп жүргізген болатын.


Номгондағы қазба жұмыстарының арқасында Орталық Азиядағы Шығыс түркілерінің қаған-князь типіндегі мемориалдық кешендерін ерекшелейтін негізгі архитектуралық компоненттерден тұратын түркі дәуірінің бұрын белгісіз болған тағы бір ескерткіші ашылды. Көне түркілік руна және соғды тілінде қашалған жазуы бар бітіктастың бір бөлігі, тасбақа тұғыры, антропоморфты бәдіз бөлігі (қағанның жартылай бейнесі) және зооморфты мүсіндер (арыстан мен қой мүсіндері) және т.б. табылды. 


Ғалымдар Номгон кешенін Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта жаңғыртушы Құтлық Елтеріс қағанға арналған деген болжам жасап отыр.


Министр Саясат Нұрбек бұл жаңалықтың маңыздылығын атап өтіп, халықаралық экспедиция мүшелеріне түркологияға және әлемдік ғылымға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.



«Моңғолиядағы Номгон мемориалдық кешенінің табылуы  отандық және шетелдік түркітанушы ғалымдардың тарихи жетістігі деп есептеймін. Біздің еліміз, түркітілдес мемлекеттер мен әлемдік қауымдастық үшін бұл зерттеу жұмыстарының маңызы зор»,— деді Саясат Нұрбек.



Сонымен қатар министр Моңғолияның Білім және ғылым министрлігіне және Ғылым академиясына қолдау білдіргені үшін алғыс айта отырып, келешекте де бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға сенім білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғылым және жоғары білім министрі #Марапат #түрколог ғалымдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);