Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызмет...

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды

Спорт 10.11.2025, 14:05 481
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды
Cурет: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясы футзалдан ұлттық құраманың бас бапкері Пауло Рикардо Фигейро Силвамен (Кака) келісімшарттың аяқталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz

«Бразилиялық маман 2018 жылдан бері ел құрамасын жаттықтырып, осы жылдар ішінде отандық футзалдың дамуына зор үлес қосты. Оның басшылығымен команда Еуропа мен әлемнің үздік құрамаларының қатарына қосылып, ойыны стилі мен тәртібі, сондай-ақ жұмысты ұйымдастыру бойынша жаңа деңгейге көтерілді.

2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында Қазақстан тарихта алғаш рет жартылай финалға шығып, төртінші орын алды. Бұл жетістік еліміздің футзал тарихындағы ең айшықты жетістік болды.

2022 жылы Еуропа чемпионатында плей-офф кезеңіне шықса, ал әлем чемпионатының іріктеуін сенімді өтті. Өзбекстанда өткен додада Қазақстан қайтадан үздік сегіз құраманың қатарынан көрінді.

Кака бас бапкер болған кезеңде Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішке жетіп, халықаралық мойындауға ие болды. Бұған қоса, Кака бірнеше рет «Жылдың үздік бапкері» атағына үміткерлер қатарына енді.

Спорттағы еңбегі мен Қазақстан футзалының дамуына қосқан үлесі үшін Пауло Рикардо Кака Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

Қазақстан футбол федерациясы Какаға көпжылдық еңбегі, кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығы үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Оның басшылығымен ұлттық құраманың ойыны мінез бен тұрақтылықтың үлгісіне айналып, нағыз командалық рухты көрсетті. Кака есімі отандық футзал тарихында мәңгі сақталады», - делінген ақпаратта.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#футзол #Бас бапкер #қызметтен босату
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Бүгін 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Бүгін 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика