Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / EXPO – 2020 Dubai көрмесінде Қазақстан павильонын...

EXPO – 2020 Dubai көрмесінде Қазақстан павильонын бір айда 200 мыңнан астам адам тамашалаған

Көрме 03.11.2021, 06:13 2,177
EXPO – 2020 Dubai көрмесінде Қазақстан павильонын бір айда 200 мыңнан астам адам тамашалаған
Сурет: Expo2020dubai.com

Меймандардың көбі «Алтын адам» экспозициясына көп аялдайды


EXPO – 2020 Dubai дүниежүзілік көрмесі басталған бір айдың ішінде Қазақстанның ұлттық павильонын 207 мың адам тамашалапты. «Ақыл-ойды ұштастыру – болашақты қалыптастыру» деген тақырыппен өтіп жатқан жиынға әлемнің 190-нан астам мемлекеті қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


EXPO көрмесі үш аумаққа бөлінген. «Мүмкіндіктер» деп аталатын кластерде Қазақстанның павильоны орналасқан. Ұлттық павильонмен қоңсылас Біріккен Араб Әмірліктерінің, АҚШ, Жапония, Қытай мен Италия секілді біраз елдің ғимараттары жайғасқан.


Ұлттық павильонның іші заманауи технологиялармен толық жабдықталған. «Vision Machine» инсталляциясында агроөнеркәсіп, қоршаған ортаны қорғау, аэроғарыш өнеркәсібі секілді салалардағы Қазақстанның әлеуеті көрсетіледі. Бұдан бөлек, бұл жерде Ұлы даланың бай тарихымен, мәдениетімен, дәстүрімен бір мезетте танысуға болады. Меймандардың көбі «Алтын адам» экспозициясына көп аялдайды. Қазақстанның табиғи ресурстары да көпшілік үшін қызық. Сирек кездесетін минералдардың үлгілері осында қойылған.



«Біз Қазақстанның тарихын, мәдениетін, жер байлығы және табиғаты жөнінде ақпарат береміз. Бұдан басқа Қазақстанда шыққан QazVac вакцинасын да көрсетіп жатырмыз», - деді Қазақстан павильонының қызметкері Бибігүл Жұмағұлова. 



Адам мен жасанды интелектің үйлесімділігі – мұны Қазақстан павильонындағы тұтас бағдарламаның өзегі десек болады. Меймандардың көбі осы шоуды тамашалау үшін келеді.


Біріккен Араб Әмірліктері 7 млрд доллардан астам қаражат жұмсап ұйымдастырған көрмені 25 млнға жуық адам тамашалайды деген болжам бар. Ал Қазақстан павильонын бір күннің ішінде 7-8 мың адам аралап шығады. Демалыс күндері мұнда келушілердің саны бұдан да көп. Алдағы уақытта Қазақстан павильонында бірнеше іс-шара ұйымдастырылады. Елдің Ұлттық күні өтеді, Тәуелсіздік күніне, Наурыз мейрамына орайластырылып концерттер қойылады. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Халықаралық көрме #павильон #көрмені тамашалаушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі аяқталмаған құрылыс нысаны сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 18:01

Америкалық авто-саяхатшы әрі блогер Connor Қазақстанға тәнті болды

Бүгін 17:29

Алматыда Сәтбаев көшесінде жүргіншілерге арналған проекциялық жарықтандыру орнатылды

Бүгін 17:13

Қазақстандық құзға өрмелеушілер Азия чемпионатында өнер көрсетті

Бүгін 17:01

Алматыда жүргізушілер көліктерінің шығарындысын тегін тексеруден өткізді

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика