AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Еуропалық Porschist журналы Қазақстан туралы арнай...

Еуропалық Porschist журналы Қазақстан туралы арнайы шығарылымда Алматыны таныстырды

Алматы құшағында 02.03.2026, 14:10 205 dulatbekova
Еуропалық Porschist журналы Қазақстан туралы арнайы шығарылымда Алматыны таныстырды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Еуропада бельгиялық Porschist журналының Қазақстанға арналған арнайы саны жарық көрді., – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Басылымда еліміздің бес қаласы – Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Байқоңыр таныстырылған. Әрқайсысы өзіндік тарихы мен сәулеттік келбеті, мәдени ерекшелігі арқылы дербес туристік бағыт ретінде сипатталған.

Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Журналда Алматы Іле Алатауының баурайындағы табиғат пен заманауи урбанистік кеңістікті үйлестірген қарқынды дамып келе жатқан мегаполис ретінде көрсетілген. Редакция кеңестік модернизмнен бастап қазіргі қоғамдық кеңістіктерге дейінгі сәулет эволюциясына назар аударып, қаланың гастрономиялық мәдениеті мен креативті индустриясының дамуын да атап өтеді.

Басылымда Республика алаңы мен Тәуелсіздік монументі, Вознесенский кафедралды соборы, Көктөбе сияқты көрнекті орындар кеңінен таныстырылған. Сонымен қатар испан мүсіншісі Жауме Пленсаның «Надэс» атты мүсіні де назардан тыс қалмаған.

Алматыдағы түсірілім жұмыстары 2025 жылы жазда өтті. Ұйымдастырушылық қолдау мен локацияларды үйлестіруді Almaty Tourism Bureau қамтамасыз етті.

Porschist – 20 жылдан астам тарихы бар, халықаралық аудиториясы қалыптасқан еуропалық баспа журналы әрі онлайн платформа. Әр саны белгілі бір елге арналып, оны сәулет, мәдениет, табиғи ландшафт және өмір салты арқылы таныстырады.

Арнайы шығарылым Қазақстанның халықаралық медиакеңістіктегі танымалдылығын арттырып, Алматының Орталық Азиядағы заманауи туристік бағыт ретінде ілгерілетуге ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қазақстан #туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Бүгін 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Бүгін 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);