Ескі Жаңа жыл: қашан және неге пайда болды?

Ескі Жаңа жыл: қашан және неге пайда болды? Сурет: Dauletten.kz

Ескі Жаңа жыл - юлиан және григориан күнтізбелерінің айырмашылығына байланысты пайда болған ерекше мереке. Ол ескі салт бойынша Жаңа жылды білдіреді және ол ескі күнтізбеге сай, 13 қаңтардан 14 қаңтарға қараған түні атап өтіледі. Қазіргі таңда оны мерекелемейді, дейтұрғанмен еске алып, "ескіше" тойлайтындар некен-саяқ. Ескі Жаңа жыл атауы қайдан шықты? Мұны Aqshamnews.kz тілшісі зерттеп көрді. 

Тарихы қалай пайда болды?

1918 жылы большевиктік үкімет Ресейде қолданылып келген юлиан күнтізбесінен бас тартып, григориан күнтізбесіне көшті. Юлиан күнтізбесі Рим империясы дәуірінде жасалып, ежелгі астрономиялық түсініктерге негізделген. Ал григориан күнтізбесі XVI ғасырда енгізіліп, уақытты есептеуде анағұрлым дәл болды.

Екі күнтізбе арасындағы айырмашылық 13 күнді құрады. Күнтізбені өзгерту туралы декретке сәйкес, 1918 жылғы 14 ақпаннан кейінгі күн бірден жаңаша есептеле бастады. Осылайша, ескі күнтізбе бойынша Жаңа жыл халық жадында сақталып, "Ескі Жаңа жыл" деген атаумен бейресми мерекеге айналды.

Діни көзқарас

Орыс православ шіркеуі григориан күнтізбесіне өтпей, юлиан күнтізбесін сақтап қалды. Сол себепті православ әлемінде Рождество 7 қаңтарда атап өтіледі, ал католик елдерінде ол 25 желтоқсанға сәйкес келеді.

Православ дәстүрінде Жаңа жыл 14 қыркүйекте басталады және ол Иса пайғамбардың туған күнінен емес, әлемнің жаратылуынан бастап есептеледі. Ал 1 қаңтар күні шіркеуде қасиетті азапкер Вонифатий еске алынады.

Ескі Жаңа жыл қай елдерде тойланады?

Ескі Жаңа жылды тек Ресейде ғана емес, бұрынғы КСРО елдерінде, сондай-ақ Грецияда, Сербияда, Черногорияда, Алжирде, Тунисте және басқа да мемлекеттерде атап өтеді. Бұл елдердің барлығында мерекенің пайда болуы күнтізбе ауысуымен байланысты, алайда әрқайсысының өзіндік дәстүрлері бар.

Мысалы:

  • Швейцарияның неміс тілді аймақтарында 13 қаңтарда ескі Әулие Сильвестр күні атап өтіледі;
  • Македонияда ескі күнтізбе бойынша Жаңа жылда карнавалдар ұйымдастырылады;
  • Уэльсте Хен Галан фестивалі өтіп, балалар үйлерді аралап, тәттілер жинайды.

Мереке кезіндегі ырымдар

"Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, бір жылды дәл солай өткізесің" деген сөздердің ескі жаңа жылға да қатысы бар. Сол себепті қаңтардың 13-нен 14-не қараған түні қонақтар әдемі киініп, мол дастархан жаюға тиіс. Сондай-ақ, мереке түні үйге көпбалалы қонақ бірінші кірсе, молшылық болады деп ырымдаған.

Бұдан өзге адамдар жылдың қалай өтетінін ауа райына қарап болжаған. Мысалы, жел оңтүстіктен соқса, бұл бір жыл бойы күннің жылы әрі адамдар жүрегінің мейірімге толы болатынын білдірген. Ал жел батыстан соқса, бұл бір жыл бойы сүт пен балықтың, аспанның ашық болуы жеміс-жидектің мол болатынының белгісі.

Ескі жаңа жыл түнінде не істеуге болмайды?

Ең бастысы - бұл кезде қарыз алмау және бермеу. Әйтпесе, жылды осылай өткізетін боласыз.

Ескі жаңа жылды тек әйелдер қауымымен бірге қарсы алмаған жөн. Әйтпесе жыл бойы жалғызсырап өтеді деген де сенім бар.

Бұл күні қоқыс тастап, үй жинамаған да жөн. Әйтпесе қоқыспен бірге сәттілік те кетіп қалуы мүмкін. Мұның орнына алдын ала жинастырып, мереке кезінде демалуға тырысқан дұрысырақ.

Бүгінде Ресей халқының шамамен жартысы ескі Жаңа жылды мерекелік дастарқан басында атап өтеді. Сонымен қатар музейлер мен мәдени мекемелер бұл күнге арналған көрмелер мен танымдық шаралар ұйымдастырады.

Біздің елде ескі жаңа жылды тойлайтындар қарасы көп емес. Ресми мерекеленбесе де, халық арасында көңіл-күй үшін қаңтардың 13-14 аралығында бас қосып, отырыс жасап, оны мерекелейтіндер кездесіп жатады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:05

11:51

11:46

11:32

11:20

10:50

10:45

10:40

10:29

10:20

10:09

09:54

09:49

09:43

09:28

09:02

08:31

17:41

17:20

17:09

16:50

16:38

16:27

16:12

16:01