AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Есірткі зертханасын ұйымдастырушылар ұзақ мерзімге...

Есірткі зертханасын ұйымдастырушылар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды

Заң мен тəртіп 09.08.2024, 17:13 869 dulatbekova
Есірткі зертханасын ұйымдастырушылар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды
Сурет: Polisia.kz

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті Астана және Ақмола облысындағы әріптестерімен бірге 2023 жылдың тамыз айында синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған бірнеше шетелдіктің қылмыстық әрекетіне тосқауыл қойды.

Тәртіп сақшыларының кәсібилігінің арқасында есірткі зертханасы әшкереленіп, заңсыз айналымға 40 кг-нан астам “синтетика” жіберілмеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 Күдіктілер Қазақстанға есірткі өндірісін ұйымдастыру үшін келген. Сонымен қатар Астанада есірткі өткізу арнасын жолға қоймақ болған. Алдымен елге қылмыстық бизнесті ұйымдастырушы келді. Ол елордада пәтерді жалға алып, есірткі зертханасын іске қосуға дайындалған. Арнайы мақсатта Ақмола облысы Ерейментау қаласының шетінде үй алынған. Қазақстанға шетелден келетін сыбайластары үшін автокөлік те сатып алған.

Ұйымдастырушы барлық қажетті жабдықтар мен прекурсорларға есірткі өндірісіне машықтанған сайттар арқылы тапсырыс берген. Олар контрабандалық жолмен жеткізілген. Дәл осы кезеңде қаскөйлер полицияның назарына ілікті. Сот ұсталғандарды ҚР ҚК-нің 264-бабының 1-бөлігі (Трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оған басшылық ету), 28-бабының 3-бөлігі, 297-бабының 4-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындауға, қайта өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға қатысу) бойынша кінәлі деп таныды.

Ұйымдастырушыға 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның сыбайластары 21 және 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Биыл 38 есірткі зертханасы жойылды, оның ішінде 24-і синтетикалық есірткі өндірісі бойынша. 183 келіден астам “синтетикалық” есірткі, жарты тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету фактілері бойынша 11 қылмыстық іс қозғалды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Есірткі қылмысы #ұйымдастырушылар #қылмыстық бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);