Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Ерлан Тұрғымбаев ҚР Президентінің кеңесшісі лауазы...

Ерлан Тұрғымбаев ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды

Саясат 17.08.2022, 12:26 1,699
Ерлан Тұрғымбаев ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды
сурет: 24.kz

Бұл лауазымға ақпан айында келген


Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда-ға сілтеме жасап.
Еске салсақ, осы жылдың ақпан айында Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалған еді.
Ерлан Заманбекұлы 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі бойынша - заңгер, ішкі істер органдарындағы қызметін 1984 жылы бастаған.
Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің Ішкі істер бөлімі ҚІ бөлімшесінің жедел уәкілі болып жұмыс істеді.
1986 жыл мен 2002 жылдың аралығында Алатау және Калинин АІІБ-ның тергеу-жедел бөліністерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ҚІІД-де әртүрлі басқарушы лауазымдарды атқарған.
2002 жылдың ақпаны мен қыркүйегі аралығында - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тоғызыншы департаментінің бастығы.
2002 жылдың қыркүйегі мен 2003 жылдың сәуірі аралығында - Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің бастығы.
2003 жылдың сәуірі мен 2006 жылдың мамыры аралығында - Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бөлім бастығы, бастығы.
2006 жылдың мамыры мен 2006 жылдың шілдесі аралығында - Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің бастығы.
2006 жылдың шілдесі мен 2012 жылдың желтоқсаны аралығында - Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы.
2012 жылдың желтоқсаннан бастап - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болған.
2019 жылдың 12 ақпанында ҚР Ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды.
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, І дәрежелі «Қайсар» белгісімен, II дәрежелі «Даңқ» орденімен, сондай-ақ ІІМ-нің және ІІД-нің құрмет грамоталарымен марапатталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұрғымбаев #лауазым #тағайындау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика