Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Ерлан Қарин ҚР Мемлекеттік кеңесшісі лауазымына та...

Ерлан Қарин ҚР Мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Билік 14.06.2022, 13:14 1,187
Ерлан Қарин ҚР Мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындалды
Cурет: Akorda.kz

Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 19) тармақшасына сәйкес Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындалсын», - делінген ҚР Президентінің Жарлығы мәтінінде. 
Ерлан Қарин1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында туған. 
1997 жылы К. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 
1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аспирантурасын бітірген. Саяси ғылымдарының кандидаты. 
1997-1998 жылдары – Ақтөбе қаласының №33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі. 
1998-2000 жылдары – Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары. 
2000-2002 жылдары – Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры. 
2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі. 
2003-2004 жылдары – Республикалық «Асар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, заманауи саясат Халықаралық институтының бас директоры. 2004-2006 жылдары – Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы. 
2006-2008 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі. 
2008 жылғы ақпан-қараша – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 
2008-2013 жылдары – «Нұр Отан» ХДП-ның стратегиялық даму бойынша хатшысы. 
2013-2014 жылдары – Вашингтон Университетінің (АҚШ) арнайы шақырылған профессоры. 
2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 
2017-2019 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорация» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы. 
2019 ж. сәуір - 2020 ж. шілде аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 
2020 ж. шілде - 2022 ж. қаңтар Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 
2022 жылғы 5 қаңтардағы Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы лауазымына тағайындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кеңесші #лауазым #қарин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика