Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Ержан Бабақұмаров Ассамблеяның ХХІІ сессиясын өтк...

Ержан Бабақұмаров Ассамблеяның ХХІІ сессиясын өткізді

Билік 30.06.2021, 19:45 2,004
Ержан Бабақұмаров  Ассамблеяның ХХІІ сессиясын өткізді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Сессия жұмысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Елорда күні  қарсаңында өтіп отыр.


Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен  Алматы қалалық  Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Кездесуде Ассамблеяның қалалық ұйымдарының, оның ішінде  Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығының, Қоғамдық келісім кеңесінің  және ҚХА Аналар кеңесінің 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы  жұмыстарының қорытындылары шығарылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен ҚХА-ның ХХІХ сессиясында қабылданған шешімдер мен  ҚР Президенті – ҚХА  Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған міндеттерді ескере отырып, екінші жартыжылдықта атқарылатын  жұмыс жоспарлары қарастырылды.



Алматы қалалық  ҚХА Хатшылығының мәліметінше, жыл басынан бері мегаполисте 100 әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өтті. «30 игі іс» республикалық қайырымдылық марафоны аясында өткізілген іс-шаралар азаматтық қоғамды дамытуға, балалар мен жастарды тәрбиелеуге, толеранттылық идеяларын нығайтуға бағытталған. Сонымен бірге, COVID-19 пандемиясына қарсы күресте алдыңғы шепте жүргендерді: дәрігерлер мен медбикелерді, санитарлар мен еріктілерді, тәртіп сақшыларын қолдауға басты назар аударылды.



 Сонымен қатар, бірінші жартыжылдықта Ассамблеяның құрылымдық ұйымдары мен этномәдени бірлестіктер өкілдерінің күшімен 80 қайырымдылық іс-шара өткізіліп, оның аясында 5 130 отбасыға жалпы сомасы 73 миллион теңгені құрайтын материалдық көмек көрсетілді.


Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жұмысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қойған міндеттерге сәйкес, атап айтқанда, Қазақстан халқын азаматтық бірегейлік пен бірлік қағидаттарында топтастыруға бағытталған ҚХА-ның арнайы жобаларын іске асыру бойынша құруды тапсырды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Талдыкорган #автопарк #автобус #Экология #Алматы #Ассамблея #Бабақұмаров #сессия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика