AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Енді ҰБТ қалай өтеді?

Енді ҰБТ қалай өтеді?

Білім және ғылым 06.01.2026, 15:38 603 yakiya
Енді ҰБТ қалай өтеді?
Сурет: Gov.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова 2026 жылғы 6 қаңтарда Үкіметтегі брифингте Бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ) форматына жоспарланып отырған өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ҰБТ-ны жетілдіру мәселесі пысықталып жатыр.

"ҰБТ – жоғары оқу орындарына түсуге арналған емтихандардың бір түрі. Қазіргі кезде ҰБТ білімді тексеруге бағытталған, сонымен қатар математика және академиялық сауаттылық бойынша аналитикалық ойлау қабілеттері де бағаланады. Қазіргі заманда жасанды интеллект пен ақпараттық технологиялар кеңінен енгізіліп, білім алу тәсілдері өзгеріп жатқандықтан, мектеп пәндерінен бөлек талапкерлер түрлі дереккөздерден қосымша ақпарат меңгереді. Осы тұрғыда бізге талапкерлердің қандай аналитикалық және сыни ойлау дағдыларымен келетінін анықтау маңызды. Осы мақсатта ҰБТ жетілдіріліп жатыр. Алайда биыл ҰБТ форматы өзгермейді", – деп нақтылады Гүлжан Жарасова.

Оның сөзінше, келесі жылдан бастап тест тапсырмаларының мазмұны талапкерлердің дағдыларын анықтауға мүмкіндік беретін халықаралық стандартталған тесттерге сәйкестендірілетін болады.

"Бұл талапкерлерге қосымша жүктеме түсірмейді. Керісінше, олардың білімді қаншалықты меңгергенін және алған білімін алдағы оқу үдерісінде қалай қолдана алатынын көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан ешқандай қосымша ауыртпалық болмайды", – деп сендірді спикер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰБТ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);