Ауыл, орман және балық шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету және тағы басқа салаларда қажеттілік артпақ, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс артатынын айтты.
Кадрларға қажеттілікті кешенді болжау сәйкес, бүгінде сұраныстың 50%-дан астамы техникалық және кәсіптік білім беру мамандарына тиесілі болмақ.
Ведомство мамандарға ең көп қажеттілігі бар салалар – ауыл, орман және балық шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету және тағы басқа салалар болатынын нақтылап өтті.