Енді қазақстандықтар емхананы ауыстыру үшін арнайы науқанды күтпейді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
12 қыркүйектен бастап жылдың кез келген уақытында басқа медициналық ұйымға тіркелуге болады.
Бірақ бір талап бар: емхананы жылына бір рет қана ауыстыруға рұқсат етіледі.
Жаңа емханаға тіркелу расталғаннан кейін азамат келесі күннен бастап учаскелік дәрігердің қабылдауына жазыла алады.
Сондай-ақ емханаға тұрақты немесе уақытша тұратын мекенжайы бойынша тіркелуге болады.