AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Еліміздің салық заңнамасына өзгерістер енгізілді

Еліміздің салық заңнамасына өзгерістер енгізілді

Экономика 30.06.2021, 09:45 1,732
Еліміздің салық заңнамасына өзгерістер енгізілді
Сурет: Newtimes.kz

Өзгерістерде жаңа тіркелген бизнес кәсіпорындары үшін өз өнімдерін өткізу кезінде қосылған құн салықты 70%-ға төмендету сияқты салық жеңілдіктері көзделген. Бұл жеңілдікті заңды тұлға тіркелген сәттен бастап екі жыл бойы қолдануына болады.


Заңда пандемиядан туындаған шектеу шаралары кезеңінде бизнесті қолдау шараларын көрсетуге, салық міндеттемелерінің орындалуын жеңілдетуге және іскерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған өзгерістер бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Министрліктің мәліметінше,  Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне (Салық кодексі) және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.



Өндеу өнеркәсібіндегі шағын бизнес субъектілері үшін олар жаңа негізгі қорларға қайта инвестицияланған жағдайда алынған табыстан корпоративтік табыс салығынан босату көзделген. Бұл инвестициялық ахуалды жақсартуға және өңдеу өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік береді.



Сондай-ақ, заңда пандемияға байланысты тексеру мен емдеуді қоса алғанда, санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге жұмыс берушінің шығыстары бойынша қызметкердің табысы табыс салығын салудан босатылатын нормалар бар.



Жаңа енгізілімдердің бірі мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы арнайы салық режимін енгізу болып табылады, ол салық төлеушінің қызметін тіркеуді, тоқтатуын және салық міндеттемелерін орындауын жеңілдетуге мүмкіндік береді.


2021 жылғы 1 қаңтардан бастап пандемиядан зардап шеккен 114 қызмет түрі үшін бөлшек салықтың арнайы салық режимі 2 жыл мерзімге енгізілді. 2023 жылдан 2025 жылға дейін қоғамдық тамақтану саласы үшін режим ұзартылады. Салық ставкасы 6% мөлшерінде белгіленген. 


Режимнің басты ерекшелігі - режимді төлеушілер қосылған құн салық пен әлеуметтік салықты төлемейді.



Сондай-ақ, заңмен салықтық әкімшілендіру бөлігінде салық төлеушілердің қызметіне оң әсер ететін нормалар қабылданды. Мәселен, 6 айлық есептік көрсеткіш немесе 17 502 теңге салық берешегінің шекті мөлшері белгіленген, одан төмен болса шоттарға тыйым салынбайды. Іс жүзінде, тіпті шамалы сома шоттардың жабылуына және, тиісінше, бизнес субъектілерінің тоқтатылуына әкелуі мүмкін.



Банктерге салық төлеуші қарызды төлегеннен кейін бірден шот ашу құқығы берілді. Салық берешегін өтеген жағдайда шоттарды жылдам ашу бизнес субъектілерінің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.


Мемлекет басшысының Үкіметтің 1 сәуірдегі кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейін зардап шеккен салаларда еңбекақы төлеу қорынан жеке табыс салық және әлеуметтік салық төлеуді кейінге қалдыру енгізілді. Бұл ереже бөлшек салық режимі үшін анықталған 114 қызмет түріне қолданылуы мүмкін.



Пандемияға байланысты шектеу шараларына байланысты 2019 және 2020 жылдарға резиденттік сертификатын ұсыну мерзімі 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. Бұл шектеу шаралары кезеңінде қосарланған салық салуды болдырмауға бағытталған, өйткені шет елдерде карантиндік шараларды енгізу себебінен құжаттарды ұсыну қиын.



Осылайша, қабылданған шаралар уақтылы болып табылады, бизнес субъектілерінің айналым қаражатын ұлғайтуға және оларды басқа өндірістік шығыстарға бағыттауға, салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#день #волонтер #Мир #Қазақстан #экономика #салық #налог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);