AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты еске...

Еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Өмір-өзен 12.05.2022, 11:13 1,218
Еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет:Obk.kz

Жел соғып, найзағай ойнайды.


Синоптиктер еліміздің алты облысында күн күркіреп, қатты жел соғады деп болжам жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 


13 мамыр күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігіне тұман түседі. Оңтүстік-шығыс желі күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с болады. 


Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 


Қызылорда облысының шығысы мен оңтүстігінде күн күркіреп, дауыл болады. Солтүстік-батыс бағыттан күндіз солтүстікте, облыс орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел еседі. 


Түнде және күндіз Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 


Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады және дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 13 мамырда Оралда күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді. 


Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғып, найзағай ойнайды. 


Атырау облысында күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың батысында 23 м/с, Атырауда күндіз оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с-қа жетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #ауа-райы #болжам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);