AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Елімізде тұңғыш рет Қазақ тазысы мен төбеті күні а...

Елімізде тұңғыш рет Қазақ тазысы мен төбеті күні аталып өтіп жатыр

Мәдениет Бүгін 09:13 30
Елімізде тұңғыш рет Қазақ тазысы мен төбеті күні аталып өтіп жатыр

Атаулы күнге орай Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров отандастарын құттықтады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тазы – халқымыздың мәдени мұрасы мен дәстүрлі тұрмыс-тіршілігінің ажырамас бөлігі. Жеті қазынаның біріне жататын ұлттық ит тұқымы адалдықтың, ептілік пен күштің нышаны саналады.

Ғасырлар бойы Ұлы дала төсінде көшпенділер тұрмысымен біте қайнасқан тазы мен төбет бізді тарихымызбен және туған жер мен өскен ортасын қадір тұтқан ата-баба дәстүрімен байланыстырады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тазы тұқымын сақтап, көбейтуге және оны халықаралық деңгейде насихаттауға айрықша мән береді. Президент тапсырмасымен соңғы жылдары бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарылды. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту туралы заң қолданысқа енді. Еліміз Халықаралық кинология федерациясының мүшелігіне қабылданды, – деді Айбек Смадияров.

2024 жылы қазақ тазысы халықаралық деңгейде алдын ала мойындалды. Қазақстан осы тұқымның шыққан жері ретінде ресми түрде бекітілді.

Президенттің баспасөз хатшысының сөзінше, бүгінде құмай тазыларымыз әлемдік ірі көрмелерде жүлделі орындар алып жүр. Асыл тұқымды итті көбейту қарқын алып, тазы асыраушылар қатары артып келеді. Қазақы ит тұқымдары ұлттық орталығының құрылысы аяқталуға жақын.

"Тарихи мұрамыз бен ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеу, табиғатты аялау – Ата заңымызда құндылықтар ретінде айқындалған. Қазақ тазысы мен төбеті күнін атап өту – бірегей мұрамызды әлемге дәріптеуге септігін тигізетін маңызды қадам."Айбек Смадияров

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақы тазы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тазы – даланың жүйрігі, ұлттың мұрасы

Бүгін 09:29

Қазақстанның кей өңірінде күн суытып, үсік жүреді

Бүгін 09:17

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы тамыз айында 13 жалған ақпаратты анықтады

Кеше 18:08

Алматыда 280 орындық екі жаңа балабақша ашылды

Кеше 17:48

Дәуірдің дара тұлғасы

Кеше 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);