AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Елімізде тоғыз банк таратылады

Елімізде тоғыз банк таратылады

Экономика 10.07.2023, 04:27 978
Елімізде тоғыз банк таратылады
Сурет: Adyrna.kz

Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді.


Қазіргі уақытта Қазақстан нарығындағы тоғыз банк бойынша тарату процесі жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.


Белгілі болғандай, агенттік 2022 жылдың басынан бері екінші деңгейлі банктердің басшы қызметкері лауазымына 13 үміткерді бекітуден бас тартқан.



«Бағалы қағаздар нарығында 49 субъект жұмыс істейді, бұл ретте 2022 жылдың басынан бастап Агенттік басшы қызметкер лауазымына 10 кандидатты келісуден бас тартты. Сақтандыру секторында 26 ұйым жұмыс істейді, 2022 жылдан бастап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына 11 кандидатты келісуден бас тартты. Микрокредит беру секторында 252 микроқаржы ұйымының микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар, бұл ретте 2022 жылдың басынан бастап 17 компания лицензиясынан айырылды», - делінген құжатта.



Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында әрекеті не әрекетсіздігі қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға немесе оны банкрот деп тануға әкеп соққан тұлғаларды Агенттіктің есепке алу мүмкіндігі көзделмеген.



«Осыған байланысты өзге қаржы ұйымдарында олардың басшылық лауазымға орналасуына жол бермеу мақсатында осы адамдардың есебін жүргізу және бақылау жүргізу ұсынылады. Осылайша, уәкілетті орган жосықсыз адамдардың қаржы секторындағы лауазымдарға орналасуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдай алады», - делінген құжатта.



Құжатты қоғамдық талқылау 26 шілдеге дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#банк #қаржы #тарату
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);