AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Елімізде табиғи өрттің тұтануына 50%-дан астамына...

Елімізде табиғи өрттің тұтануына 50%-дан астамына адами фактор себеп болған

Өмір-өзен 18.07.2022, 08:06 2,132
Елімізде табиғи өрттің тұтануына 50%-дан астамына адами фактор себеп болған
Сурет: Inform.kz

Жыл сайын елімізде 800-ге жуық орман және дала өрттері тіркеледі.


Бұл туралы ҚР Төтенше жағдай министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



«Қазгидрометтің болжамы бойынша, биылғы үшінші тоқсанда ауа температурасы орташа +30ºС-қа дейін жетеді, ал республиканың оңтүстік, шығыс және батыс бөліктерінде құрғақшылық пен жауын-шашын тапшылығымен ауа температурасы +40ºС-қа дейін көтеріледі деп болжануда. Мұның бәрі орман қорындағы өрт қаупін едәуір арттырады», - деді Н. Дербісов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.



Табиғи өрт себептерін талдау көрсеткендей, өрт тұтануының тек 43%-ы табиғи құбылыстардан, найзағай разрядтарынан болса, 50%-дан астамына адами фактор себеп болған.



«Осыған байланысты, ТЖМ әкімдіктермен және жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, халықтың ормандар мен дала алқаптарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтауы, ауыл шаруашылығы ұйымдарының өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындауын қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауға алды. Барлық өңірлерде кең ауқымды алдын алу іс-шаралары жүргізілуде», - деді Нұрболат Дербісов.



Бұған дейін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов Алакөл жағалауындағы ауқымды өрттің мән-жайын айтқан еді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Табиғи өрт #адами фактор #себептері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);