AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Елімізде қатты жел салдарынан 194 елді мекен жарық...

Елімізде қатты жел салдарынан 194 елді мекен жарықсыз қалды

Оқиға 30.03.2022, 09:56 1,275
Елімізде қатты жел салдарынан 194 елді мекен жарықсыз қалды
Сурет: Regtv.kz

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім етті


Ведомство мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірінде қатты желдің салдарынан 4 қалада (Атырау, Талдықорған, Текелі, Павлодар қалаларында) 70 133 абонент және 6 облыста (Алматы, Атырау, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары) 194 елді мекен электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Өткен тәулікте құтқару бөлімшелері Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында 814 адамды, оның ішінде 101 бала және 3 жүкті әйелді құтқарды және эвакуациялады. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтерінен 539 адам және 277 техника жұмылдырылды. Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарының жылыту пунктерінде 89 адам, оның ішінде 11 бала бар. Автожолдардың жабық учаскелерінде халықты эвакуациялау үшін уақытша жылынуға арналған 40 пункт дайындалды. Жол қызметтері қардан тазарту жұмыстарын жүргізуде», - деп атап өтті министрліктен.



ТЖМ-ның ақпаратына сүйенсек, халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 74 СМС-хабарлама жіберілді және «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы 56 хабарлама жолданды. Қазіргі уақытта автожолдардың 86 учаскесі жабылды. Оның 33-і республикалық және 53-і облыстық маңызы бар.


Бұл ретте автокөліктердің жиналуы Қарағанды (593 бірлік техника), Ақмола (546), Қостанай (53) облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының (60) блокпостарында байқалады. Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды желдің салдарынан шатырлардың бұзылуы мен ағаштардың құлауы, сондай-ақ электр энергиясының ішінара ажыратылуы орын алды. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Алматы облысында төтенше жағдайлардың салдарынан 6 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті.


ТЖ министрлігінде төтенше жағдайды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында осындай штабтар жұмыс жүргізуде. Психологиялық көмек және ақпараттық қолдау көрсету үшін республикалық және аумақтық штабтарда "жедел желі" телефоны жұмыс жасайды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жел салдары #электр жарығы #төтенше жағдай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10

Алматыда журналистердің арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Бүгін 14:08

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);