AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Елімізде пәтер бағасы 40 пайызға қымбаттаған

Елімізде пәтер бағасы 40 пайызға қымбаттаған

Экономика 11.02.2024, 11:16 1,361
Елімізде пәтер бағасы 40 пайызға қымбаттаған
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл соңғы үш жылға талдау жасаған Krisha.kz сарапшыларының қорытындысы.


Мамандардың айтуынша, екінші нарықтағы пәтер құны 27 пайызға өскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қымбатшылыққа сұраныстың артуы, зейнетақы қорынан ақша алуға рұқсат беру, доллар бағамының өсуі, құрылыс материалдарының қымбаттауы (бірінші нарықтағы өзгеріс ұсталған үйге де әсерін тигізеді), 2022 жылы құрылыс қарқынының бәсеңдеуі ықпал етті.



2021 жылы ел билігі зейнетақы қорынан артық ақша алуға рұқсат берді. Салдарынан ажиотаж болып, үй бағасының шарықтауына әкелді. Бір жылда ел азаматтары шамамен 2,5 триллион теңге шешіп алған. Тұрғын үймен байланысты мәміле саны алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есеге өсті. Екінші нарықта пәтер құны 27 пайызға өссе, жаңа үйлер тіпті 40 пайызға қымбаттады.



2022 жылы билік қордан алуға рұқсат берілген соманы 70 пайызға арттырғандықтан, зейнетақы қорына жүгінген, үй іздеген елдің қарасы азайып қалды. Алайда құрылыс материалдары мен жұмыс ақысы көтерілген соң баспана құны шарықтай берді. Бір жылда мүлік иелері қолдан сатқан пәтерлердің орташа бағасы тағы 10 пайызға өсті.


Былтыр нарық біршама тұрақтады. І тоқсанда баға аздап көтерілгенмен, жаз аяғына қарай қайта түсті, ал күзде мүлде тоқтап қалды, қыста да өзгеріс байқалмады. Бір жылда небәрі 1,1 пайызға ауытқыған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үй #баға #қымбат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Бүгін 08:16

Петропавлда HACKATHON 2026 өтті

Кеше 21:39

Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтті

Кеше 18:57

Майдангерлерге – 5 миллион теңге

Кеше 18:50

Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды

Кеше 18:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика