Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Елімізде орташа жалақы 243 мың теңгеден асты – ста...

Елімізде орташа жалақы 243 мың теңгеден асты – статистика

Экономика 01.11.2021, 04:00 1,340
Елімізде орташа жалақы 243 мың теңгеден асты – статистика
Cурет: Ашық дереккөз

Ең үлкен атаулы жалақы 501 мың теңге


Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 243 мың теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«2021 жылғы ІІІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 243 667 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2020 жылдың тиісті тоқсанына 119,3%, ал нақты жалақы индексі 109,8% құрады», - делінген статистикалық мәліметте.



Ең үлкен атаулы жалақы тіркелді:


- тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында тіркелді – 501,0 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары);
- қаржы және сақтандыру қызметінде – 452,8 мың теңге
(1,9 есеге жоғары);
- кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 369,5 мың теңге (1,5 есеге жоғары);
- ақпарат және байланыс саласында – 331,1 мың теңге (1,4 есеге жоғары).


Ал ең төменгі атаулы жалақы тіркелді:
- сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметкерлерінде - 154,9 мың теңге;
- ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында – 167,5 мың теңге.


Өңірлер бойынша ең жоғарғы орташа еңбекақы Атырау облысында белгіленді – 419,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары. Түркістан облысында мұның шамасы 181,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 25,7% төмен.


Айта кетейік, халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемеақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтардан басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жалақы #статистика #теңге
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Кеше 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Кеше 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Кеше 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Кеше 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Кеше 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика