AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Елімізде көкпаршы қыз - Ева жайлы деректі фильм тү...

Елімізде көкпаршы қыз - Ева жайлы деректі фильм түсірілді

Мәдениет 25.07.2023, 09:09 1,524
Елімізде көкпаршы қыз - Ева жайлы деректі фильм түсірілді
Суреттер: Almaty-akshamy.kz

 Деректі фильм «Ева. Батыр қыз»  деп аталады. 


 Қазақстанда көкпаршы қыз Ева Жигалина жайлы «Ева. Батыр қыз» атты деректі фильм түсірілді. Бұл бала кезінен дала төсінде ойқастап, бар мәдениетін бойына сіңіріп өскен табанды қыздың өзінің сүйікті ісімен айналысу хақы үшін күресі туралы оқиға, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Фильм продюсерінің сөзінше, туындыны шетелде ұсынуға болады, өйткені туындының әлеуеті жоғары деңгейде.



Дәстүрлі қасаң қоғамда әйелдерге көкпарға қатысуға қатаң тыйым салынған. Бірақ Ева қиындықтарға мойымастан табандылық танытып, стереотиптерді бұзды, әлеуметтік және мәдени тосқауылдарды еңсере білді. Ол, көкпар тек ерлердің ойыны деген мықтылармен текетіресте болды. Дегенмен, Еваны қолдайтындар да табылып, оның  жігеріне, арманына адал мінезіне лайықты бағасын бере алды. Олар Еваны жігерлендіріп, тосқауылдарға төтеп беруіне көмегін аямады. Ева кәдімгі қара күштен де, ептен де кенде емес; ал оның ішкі жігері, жалыны мен табандылығы - көрген адамды қанаттандырады.


Фильм көрерменді эмоциялық саяхатқа үйіріп әкетіп, сол уақытта - кейіпкердің алдындағы қиындықтарды, оның сәйгүлікке деген махаббатын паш етеді.



«Ата-анам көкпарға қатысуға тыйым салған. Бірақ бір жерде көкпар болып жатыр десе делебем қозып, үйден қашып кететінмін. Көкпарға алғаш рет 15 жасымда қатыстым. Шақырусыз барған едім. Өзім де таң қалдым. Атта отырып, ерлердің көкпарда жан алып, жан бергенін көрдім. Оларға қосыла кетіп, серкені тартып алыппын. Ерлер мені қуа жөнелді, бірақ ұстатпай кеттім. Қазір жұрттың көкпарға қызығуы артқанын көріп жүрмін. Маған ұлдар да, қыздар да хат жазып, үйретші деп жатады», - дейді Ева Жигалина.



«Ева. Батыр қыз» деректі драмасы Темірбек Аманжолдың режиссерлік алғашқы қадамы. Темірбектің өзі де атпен туризмді және атқа отыру мәдениетін зерттеп жүр. Еваның хикаясы - салт-дәстүр, жігер мен құрбандық шиеленіскен әлемге шытырман саяхат. Осындай қым-қуыт әлемде нәзік жан ағысқа қарсы жүзіп, махаббат пен жалынның алмайтын қамалы жоғын айшықтайды дейді ол.




«12 жылдан бері аттарды фильмдерге түсіріп, атқа отыру мәдениетін, неономадизмді зерттеп жүрмін. «Ева. Батыр қыз» фильмінде қазақылықтың формуласын паш еткім келеді. Елі бөтен, діні бөтен басқа жұрттар неліктен осы ойынға ғашық болып, бар өмірін сарп еткізуге бар? Көкпар мен аттар несімен тартады? Еңбекті осы сұрақтарға жауап іздейтін зерттеу десеңіз де болады», - дейді Темірбек Аманжол.



Фильмнің продюсері Думан Қожахметтің айтуынша, осы фильмнің халықаралық деңгейге шығуға әлеуеті мол. Қазір бірнеше шетелдік стриминг-сервистермен прокат туралы келіссөздер жүріп жатыр дейді ол.


Деректі фильмді Black & White Production компаниясы ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің тапсырысымен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен 2022 жылы түсірді.



 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ева #батыр қыз #көкпаршы #деректі фильм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);