Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Елімізде әрбір алтыншы жүктілік абортпен аяқталады

Елімізде әрбір алтыншы жүктілік абортпен аяқталады

Медицина 25.06.2024, 16:24 853
Елімізде әрбір алтыншы жүктілік абортпен аяқталады
Cурет: ОКҚ

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен қазақстандықтардың репродуктивті денсаулығы жөнінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметінше, жыл сайын бүкіл әлемде 15-19 жас аралығындағы 12 млн қыз  ана атанады, оның 777 мыңы - 15 жасқа дейінгі жасөспірім екен. Жалпы елімізде 18 жасқа дейінгі балалар саны 7 миллионға жуық, оның 51,3% - ұл,  48,7% - қыз. Қала-ауыл бөлінісінде балалар арасындағы ұлдар мен қыздардың да үлесі бірдей. Мәселен, қалалық елді мекендерде ұлдардың үлесі 51,7%-ға, қыздар тиісінше 48,3%-ға, ал ауылдық елді мекендерде ұлдар - 51,1%-ға, қыздар - 48,9%-ға тең. Бала туу жасындағы әйелдер саны елімізде 24% (4 738 298), - деді Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары. 

Ләззат Сүлейменованың сөзінше, елімізде жасөспірімдер арасында босану мен түсік жасату, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, ана мен бала өлімі фактілері орын алуда. Сондықтан да бұл сала – әлеуметтік көмекті қажет ететін салалардың бірі. Елімізде әрбір алтыншы жүктілік абортпен аяқталады. 

Босану кезінде аналардың өлімін азайтуға мүмкіндік беретін шаралар кешенін қабылдау қажет. Барлық уәкілетті органдардың өзара дәйекті жұмысы қажет. Елде отбасын жоспарлау кабинеттерін жетілдіру бойынша жеткілікті саны жұмыс істейді.  Алайда жүктіліктің 40 пайызы жоспарланбаған, ал прегравидарлық дайындықтан өткен жұптардың үлесі 30 пайыздан аспайды, - дейді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жүктілік #аборт #жасөспірімдер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика