Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Елімізде анимациялық киножобалардың өндірісі дамып...

Елімізде анимациялық киножобалардың өндірісі дамып келеді

Не? Қайда? Қашан? 03.08.2022, 09:35 2,565
Елімізде анимациялық киножобалардың өндірісі дамып келеді
Сурет: Qazaqtv.com

Қазақстанда анимациялық фильмдердің өндірісі қарқын алды.


Тек биылдың өзінде мемлекет бұндай 8 жобаның түсірілімін қаржыландырмақ. Олардың қатарында жас режиссер Дильшат Рахматуллиннің туындысы бар. Соңғы 11 жылдың ішінде ғана оның студиясынан ондаған мультфильм көрерменге жол тартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Өткен көктемде «Бесік жыры» атты еңбегі Түркиядағы байқауда үздік анимация деп танылды. Ал, 2023 жылдың соңында «Ашина. Көктегі қасқырлар туралы аңыз» атты жаңа жұмыстың тұсауын кесу көзделген.  



«Бұл 3-Д форматында түсірілген мультфильм. Фильм орыс тіліне дубляждалып қазақ тілінде шығады. Сондай-ақ, қазір біз Түркия, жалпы, түркітілдес елдер оны өз тілдеріне өздері аударатыны жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сапа жағынан көрші мемлекеттердегі әріптестерден  асып түспесек, кем дүние жасамаймыз. Яғни бәсекеге қабілетті өнім. Сондықтан, маңымыздағы елдерге прокатқа шығуымыз әбден мүмкін», - дейді анимациялық фильмдердің режиссері Дильшат Рахматуллин. 



Сондай-ақ, елордалық медиакомпанияның екі бірдей жобасы мемлекеттік демеуге ие болған. Ол ұжым Ұлттық киноны қолдауға бағытталған  байқауға Алматы қаласына арналған көркем фильм және  «Ева. Батыр қыз» деректі туындысын ұсынды. Соңғысы нәзік жандыларға тән емес дәстүрлі ұлттық спорт түрі - көкпар ойынына әуестеніп, ер мінез танытып жүрген Алматы тұрғынының  өмір жолы мен жетістіктерінен сыр шертеді.



«Еваның бойында қорқыныш сезімі жоқ десек болады. Егер сіз көрген болсаңыз, күрт жоғары көтерілетін немесе төмен түсіп кететін дөңес жерлер көп. Ол оны ат үстінде  шауып жүріп бағындыра алады. Бұл ер-азаматтардың өзінде екінің бірінің қолынан келе бермейді», - дейді сценарист-режиссер Темірбек Аманжол. 



Бүгінде жобаның авторлары  «Ева. Батыр қыз» фильмінің бір бөлігін түсіріп үлгерген. 2022 жылы жабық көрсетілім ұйымдастыру көзделіп отыр. Бұл - шығармашылық топтың алғашқы үлкен бастамасы. Жаңа туындыны түсіруге кеткен шығынның 70%-ын мемлекет өтейді. Айта кетейік, биыл бюджеттен осы текті 62 отандық киножоба қолдау табады.



«Жалпы, биыл жариялаған питчингке 200-ден астам ұсыныс келіп түсті. 60 пайыздан астамы, яғни 70 пайызға жуығы - жастардың жобалары. Жалпы, Қазақстан киносында жаңа буынның қалыптасқанын осыдан-ақ байқауға болады. Жастар қазір батыл, тәуелсіз, еркін ойлы Жақын арада олар өздерінің өндірістерін бастайды», - дейді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасының орынбасары Абзал Мұхимов.



Жақында отандық кино өндірісі жаңа дарын иелерімен толыға түспек. Оларды ел ғана емес, шет мемлекеттер де танитын болады. Биыл 20-ға тарта елде қазақстандық кино күндерін өткізу жоспарланып отыр. Бұл тізімде АҚШ, Канада және Германия бар.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Анимациялық фильмдер #киножобалар #өндіріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Кеше 17:46

«Дос-Мұқасан» алғашқылардың бірі болып қол қойды: Алматыда Гиннес рекордына ресми старт берілді

Кеше 17:26

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Кеше 17:19

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Кеше 17:12

Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі