AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Елдегі білім беру қызметі бір жылда 15%-ға қымбатт...

Елдегі білім беру қызметі бір жылда 15%-ға қымбаттаған

Білім және ғылым 18.01.2023, 07:51 1,250
Елдегі білім беру қызметі бір жылда 15%-ға қымбаттаған
Сурет: Bugin.kz

2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша білім беру қызметтері бір жылда 14,5% қымбаттаған.


Ranking.kz мәліметінше, баға ең көп қымбаттаған Атырау облысы: бір жылда бірден 60,4%. Одан кейін Түркістан (28,2% қымбаттаған), Қарағанды (21,9% қымбаттаған), Шығыс Қазақстан (19,9% қымбаттаған) және Павлодар (19% қымбаттаған) облыстары. Ең аз жылдық баға өсімі Алматы облысында тіркелді: 5,3%, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қызмет көрсету түрлері бойынша мектепке дейінгі және бастауыш білім 11,1%-ға, орта білім 9,6%-ға, кәсіптік орта білім 20,2%-ға, жоғары білім 17%-ға, ересектерге арналған білім 15,9%-ға қымбаттады.



2022 жылдың үшінші тоқсанында білім беру саласында көрсетілген қызмет көлемі 949,8 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 17,4% көп. Білім беру қызметтерінің басым бөлігі бюджет қаражаты есебінен көрсетілді: 836,6 млрд теңге. Тағы 90,4 млрд теңгені халық төлесе, 22,9 млрд теңгені кәсіпорындар төледі.


Білім беру түрлері бойынша қызметтердің құндық мәндегі ең үлкен көлемі негізгі және жалпы орта білім беру саласына тиесілі: 444,9 млрд теңге, бір жыл бұрынғыдан 12,5% көп. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында көрсетілген қызмет көлемі 158,7 млрд теңгеге, жоғары білім беру саласында 110,2 млрд теңгеге жетті.


Өңірлер ішінде ең көп қызмет дәстүрлі түрде Алматыда көрсетілді: 113,1 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 16,6% артық. Көшбасшы өңірлердің үштігіне сондай-ақ елорда (98,8 млрд теңге, бір жылда 61,3% көбейген) және Түркістан облысы (98,7 млрд теңге, 29,1% көбейген) кірді.


Ең аз қызмет көрсетілген өңірлер Ұлытау, Абай және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Білім беру #қызмет #қымбаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Бүгін 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Бүгін 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Бүгін 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика