AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Экологиялық саналылық - жаңа норма

Экологиялық саналылық - жаңа норма

Барлығы 12.05.2025, 15:53 791 Әспет Бақытжанқызы
Экологиялық саналылық - жаңа норма
Сурет: Шымбұлақ тау-шаңғы курортының баспасөз қызметі
«Шымбұлақ» тау курортында алғаш рет EcoDay экофестивалі өтті. 
 
Бір күндік шараның мақсаты – тұрақты өмір салтын насихаттап, қонақтарға табиғатты қорғаудың маңызын іс жүзінде көрсету.
 
Фестиваль «Шымбұлақ» курорты, Recycle Birge экологиялық қозғалысы және HelloEco – Қазақстандағы алғашқы zero waste дүкені бірігіп ұйымдастырды. Олар экологияны тек теория емес, нақты әрі қолжетімді әрекет ретінде көрсетуге тырысты.
 
Тәжірибе арқылы үйрену
 
EcoDay аясында келушілерге:
• қағаз бен пластикті қайта өңдеу,
• табиғи спрей жасау,
• пластиксіз күтім құралдарын пайдалану бойынша шеберлік сабақтары ұсынылды.
 
Сондай-ақ арнайы аймақтарда:
• Leave No Trace қағидаларымен (табиғатқа зиян келтірмей демалу),
• апсайклингпен (ескі заттарды жаңа пайдалы бұйымға айналдыру) танысты.
 
Қонақтар тапсырмаларды орындап, эко-сыйлықтар ұтып алды. Бұл олардың күнделікті әдеттеріне жаңа көзқараспен қарауына түрткі болды.
 
Shymbulak Outdoor ұйымы басшысының орынбасары Махамбет Абдуллаев EcoDay-дың тұрақты түрде өтетінін айтып, бұл бастама курорттың экологиялық даму бағытына толық сәйкес келетінін атап өтті.
 
Экология – бұл өмірді жеңілдету
 
HelloEco дүкенінің тең құрылтайшысы Дина Огай фестивальдегі сөзінде экологияның саналы таңдау екенін жеткізді:
 
«Экологиялық өмір сүру – бұл көп реттік заттарды қолдану, ойланып әрекет ету. Табиғатты қорғау үшін өмір салтыңды түбегейлі өзгертудің қажеті жоқ. Заманауи өмірмен қатар табиғатты да қорғауға болады».
 
Айта кетейік, HelloEco дүкені Алматының Самал ықшамауданында орналасқан. Мұнда азық-түлік, косметика, тұрмыстық химия және гигиена құралдарын пластиксіз сатып алуға болады.
 
Экологиялық білім – мәдениеттің іргетасы
 
Фестивальдің негізгі серіктестерінің бірі – Recycle Birge ұйымы. Оның тең құрылтайшысы, эколог Пакизат Сайлаубекова халықтың экологиялық сауатын арттыру басты мақсат екенін айтты:
 
«Қайта өңдеу, бір реттік заттардан бас тарту қиын емес. EcoDay аясында біз қалдықтарды дұрыс басқару туралы пайдалы ақпаратпен бөлістік. «Шымбұлақтың» бастамасын қолдаймыз және болашақта да бірге жұмыс істеуге дайынбыз».
Сондай-ақ Сайлаубекова әр адамның табиғат аясына шыққан кезде өзінен кейін қоқыс тастап кететінін еске салды. 
 
«Қоқысты жинау, өсімдіктерді жұлмау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі – үлкен маңызға ие. EcoDay сияқты шаралар бұл ойды түсінікті әрі шынайы жеткізуге көмектеседі», – деді ол.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#эко-шара #шымбұлақ #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);