AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / «ЭКО-Балалық шақ»

«ЭКО-Балалық шақ»

Алматы Бүгін 17:56 62 yakiya
«ЭКО-Балалық шақ»

Шаһар төрінде Медеу ауданының 90 жылдығы мен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «ЭКО БАЛАЛЫҚ ШАҚ – табиғат аясындағы бақыт мекені» атты іс-шара аясында «Бақытты балалық шақ» эко-саябағы ашылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Соңғы жылдары әлемде экологиялық білім беру мәселесі мектептен емес, мектепке дейінгі кезеңнен басталуы керек деген ұстаным күшейіп келеді. Өйткені, табиғатқа деген жауапкершілік пен экологиялық мәдениет баланың ерте жасынан қалыптасады. Соңғы жылдары көптеген елдерде балабақшаларды тек тәрбие орны емес, тұрақты даму құндылықтарын үйрететін білім кеңістігі ретінде қарастыруды бастады. Осы бағыттағы маңызды бастама- Алматыдағы №157 бөбекжай-балабақшада жүзеге асырылды. Мұнда ашылған «Бақытты балалық шақ» эко-саябағы балалардың табиғатты бақылауына, тәжірибелік зерттеулер жүргізуіне және қоршаған ортамен тікелей байланыс орнатуына мүмкіндік береді. Эко-саябақ аумағында жасыл аймақтар, шағын зерттеу алаңдары, гүлзарлар және балаларға арналған экологиялық локациялар орналасқан. Жоба табиғатты қорғау туралы тек теориялық түсінік беріп қана қоймай, оны күнделікті тәжірибе арқылы меңгеруге бағытталған. Іс-шараға Алматы қаласы Білім басқармасы, ғылыми-әдістемелік орталық өкілдері, халықаралық білім беру жобаларының сарапшылары мен педагогтер қатысты. Қатысушылар мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық мәдениетті қалыптастырудың заманауи тәсілдерін талқылады. Қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Төлепбергенқызы экологиялық тәрбиенің бала тұлғасын қалыптастырудағы рөліне тоқталды.

— Қазіргі балалар табиғатпен бұрынғы буынға қарағанда азырақ байланысады. Уақыттың көбі цифрлық ортада өтеді. Сондықтан балабақшадағы экологиялық кеңістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын қалыптастыратын маңызды алаңға айналып отыр. Табиғатты жақсы көретін бала болашақта қоғамға да жауапкершілікпен қарайды, — дейді маман. Семинар барысында педагогтер экологиялық тәрбие бағытындағы тәжірибелерімен бөлісіп, интерактивті алаңдардың жұмысын таныстырды. Сонымен қатар «Мандала өнері» шеберлік сабағы ұйымдастырылып, Turn It Around халықаралық жобасының Орталық Азиядағы климаттық карточкалар топтамасы ұсынылды. Өйткені экология мәселесі бүгінде тек ғалымдар мен экологтардың тақырыбы емес. Бұл – болашақ ұрпақтың өмір сапасына тікелей әсер ететін мәселе. Ал табиғатты қорғау мәдениеті дәл осындай балалық шақтан басталады. Сондықтан Алматыда ашылған «Бақытты балалық шақ» эко-саябағы жай ғана жаңа алаң емес, табиғатпен үндес ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды білім беру кеңістігі ретінде бағаланып отыр

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зейнолла Ыдырысов Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Бүгін 18:25

Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-де тағы көшбасшы болды

Бүгін 18:22

Алматының «Шығыс қақпасы» полиорталығында бірегей қоғамдық кеңістік құру жоспарланып отыр

Бүгін 18:05

Алматыда океанариум, амфитеатр және су арнасы бар ауқымды Water Garden кешені бой көтереді

Бүгін 17:47

Бала – өмірдің гүлі, шаңырақтың шаттығы

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);