Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Египет Қазақстанға тікелей рейстерді іске қосады

Египет Қазақстанға тікелей рейстерді іске қосады

Саясат 11.03.2023, 13:16 1,334
Египет Қазақстанға тікелей рейстерді іске қосады
сурет: mail.kz

Астана – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстері ашылады.


Мемлекет басшысының халықаралық рейстер санын ұлғайту, сондай-ақ «ашық аспан» режимін іске асыру жөніндегі тапсырмасы аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Египеттің авиациялық билік орындарымен бірлесіп «Air Cairo» египеттік әуе компаниясының Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Осылайша, «Air Cairo» әуекомпаниясы А-320 типті әуе кемелерінде Астана – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 13 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі және жұма) және Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 14 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі және сенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр .


Бұл әуе компания әлемнің 20-дан астам еліне (Армения, Дания, Австрия, Әзербайжан, Франция, Грузия, Германия, Венгрия, Италия және т.б.) 50 бағыт бойынша халықаралық рейстерді орындайды.


Әуе компания паркінде Airbus A320, A320neo, ATR 72 және Embraer 190 типті 19 әуе кемесі бар.


Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Египет #Әуе рейстері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жамбыл жырлары – жас буын жүрегінде

Бүгін 10:59

Алматыда ауыл шаруашылығы жануарларын тегін вакцинациялау басталды

Бүгін 10:51

Алматыда есірткі контрабандасының жолы кесілді

Бүгін 10:32

Алматыда киберполиция жалған лаңкестік ақпараттың салдары туралы ескертті

Бүгін 10:17

Алматыда ІІМ ата-аналарға үндеу жасады: терроризм туралы жалған ақпарат тарату - қылмыс

Бүгін 10:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі