AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / ЕАЭО құрылғалы бері Қазақстанның басқа қатысушы ел...

ЕАЭО құрылғалы бері Қазақстанның басқа қатысушы елдермен сауда айналымы 74% өскен

Экономика 25.05.2023, 13:25 2,443 Almaty-akshamy
ЕАЭО құрылғалы бері Қазақстанның басқа қатысушы елдермен сауда айналымы 74% өскен
Сурет: Ашық дереккөз

Экспорт 98%-ға өскен


ЕАЭО құрылғаннан бергі жылдары Қазақстанның басқа қатысушы елдермен сауда айналымы 74%-ға өскен, бұл ретте экспорт 98%-ға артқан. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Президент геосаяси шиеленістер бүкіл әлемдегі экономикалық жағдайға айтарлықтай әсер етіп жатқанын айтты.



«Биыл халықаралық қаржы институттары әлемдік экономиканың өсу болжамдарын шамамен екі есеге жуық төмендетті. Алайда, сыртқы факторлардың қысымына қарамастан, біздің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ынтымақтастығымыз оң серпін көрсетіп отыр. Қатысушы елдер макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауда, экономикалық өсу қарқынын және өзара сауда көлемін арттырып жатыр. Өз тарапымнан ЕАЭО қызметі жылдары Қазақстанның басқа қатысушы елдермен сауда айналымы 74%-ға өскенін, бұл ретте экспорт 98%-ға өскенін атап өтемін. Біз мұны жақсы көрсеткіш деп санаймыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Президенттің айтуынша, ауқымды бірлескен инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда, өнеркәсіптік кооперация дамып, қызметтердің ортақ нарығы қалыптасып, өзара есеп айырысуда ұлттық валюталар үлесі артып келеді.



«Бұл ретте қазіргі геоэкономикалық жағдайларда одақтың әлеуетін барынша толық және тиімді ашу – біздің ортақ басымдығымыз болды. Оны құрған кезде қойылған барлық міндеттерді мүмкіндігінше толық іске асыруымыз керек. Шынын айтқанда, алда көп жұмыс бар. Ең алдымен, төрт еркіндіктің біріншісін – тауарлардың еркін қозғалысын толыққанды жүзеге асыру жөнінде айтып отырмыз. Бұл бірыңғай, еш кедергісіз нарықты қалыптастыру және тауарлардың үшінші елдерге еркін транзитін қамтамасыз етуді білдіреді. Осы мақсаттарға толық қол жеткізу үкіметтер мен Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының негізгі бағыты болуға тиіс деп санаймын», - деді Мемлекет басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ЕАЭО #Қазақстан #экспорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін – мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

Бүгін 09:10

Бейсенбінің ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:30

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);