AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгілік елшісі болып тағ...

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгілік елшісі болып тағайындалды

Барлығы 09.12.2025, 09:56 564 Дина
Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгілік елшісі болып тағайындалды
сурет: Dimashnews.com

8 желтоқсанда Женевада өткен Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) кеңесінің жыл сайынғы сессиясында Біріккен Ұлттар Ұйымының бұл құрылымы қазақстандық әнші әрі гуманитарлық қызметпен айналысып жүрген Димаш Құдайбергенді жаһандық ізгі ниет елшісі етіп тағайындады, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі Dimashnews-ке сілтеме жасап.

Dimashnews мәліметінше, бұл тағайындау оның ұйыммен көпжылдық ынтымақтастығының жалғасы. Былтыр Димаш өңірлік ізгі ниет елшісі атанып, миграция, адам саудасы және осал топтардың мәселелерін көтеруге бағытталған гуманитарлық кампанияларға белсенді қатысты. Сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанға келген кезде өнер арқылы гуманитарлық бастамаларды ілгерілету идеясын ұсынған еді.

Биыл ол ХКҰ-мен ынтымақтастығын кеңейтіп, Рамазан айындағы қайырымдылық акцияларына қосылды және адам саудасына қарсы бастамаларды қолдады. Әлемдік Stranger туры барысында Нью-Йорк, Мехико, Барселона, Лондон және Берлин қалаларында инклюзивтілік пен бірлік туралы ойларын көпшілікке жеткізіп, ХКҰ миссиясының танылуына үлес қосты.

8 желтоқсандағы кеңес отырысында Димаш БҰҰ мүше мемлекеттерінің делегациялары алдында S.O.S d’un terrien en détresse композициясын орындады. ХКҰ бас директоры Эми Поуп әртістің гуманитарлық бастамаларға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Димаш Құдайберген
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика