AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / «Дикий Арман» ұйымдастырған қылмыстық топтың 24 мү...

«Дикий Арман» ұйымдастырған қылмыстық топтың 24 мүшесі жазаланды

Оқиға 14.12.2022, 14:00 1,029 Almaty-akshamy
«Дикий Арман» ұйымдастырған қылмыстық топтың 24 мүшесі жазаланды
Сурет: Ашық дереккөз

Қару ұрлау және сақтау фактісі бойынша 519 тергеу амалы жүргізілді


Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге А.Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) «Қазақстандық» және «Айшуақ-Жантүгел» топтарының қатысы бары анықталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бұған дейін хабарланғанымыздай, құзырлы органдар қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қылмыстық топ мүшелерінің қатысқанын анықтады. Ол - Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) «Қазақстандық» және «Айшуақ-Жантүгел» топтары. Олардың қылмыстық әрекетінен азаматтар зардап шекті, қаза болғандар да бар. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 24 мүшесі жазаға тартылды», - деді Елдос Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.



Сондай-ақ, Бас прокуратура өкілі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қаруға қатысты мәліметпен бөлісті.



«Қару ұрлау және сақтау фактісі бойынша 519 тергеу амалы жүргізілді. Ол бойынша 183 тұлға күдікке ілініп, 154 адам сотталды. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 10 аңшылық дүкені тоналып, ол жерден 1 672 мылтық ұрланды. Одан бөлек, 1 288 қызметтік қару қолды болды. Ұрланған қарулардың үштен бірі (958 қару) табылды. Бүгінде 2 мыңнан астам қару әлі бөгденің қолында. Оның қатарында гранаталар, автоматтар, мылтықтар, тапаншалар мен граната атқыштары бар. Сонымен қатар азаматтар өз еркімен 119 қаруды тапсырды», - дейді ол.



Айта кетейік, аталған ведомство қаңтар оқиғасы кезінде 238 адамның қаза тапқанын тағы бір нақтылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дикий Арман #Жаза #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Кеше 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Кеше 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);