AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологи...

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Медицина Бүгін 17:24 37
Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын бастады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның ашылуы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын анықтауға және олардың антибиотиктерге сезімталдығын айқындауға мүмкіндік береді. Бұл дәл диагноз қою мен тиімді ем тағайындауда ерекше маңызға ие.

Зертхананың салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлейменов Ержан Әбілхасымұлы қатысты. Ол аурухана ұжымын құттықтай отырып, заманауи зертханалық қызметті дамыту өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Бүгінде жұқпалы аурулармен күресу сапалы зертханалық диагностикасыз мүмкін емес. Әсіресе микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігін дер кезінде анықтау өте маңызды, өйткені бұл дәрігерлерге ең тиімді емді таңдауға мүмкіндік береді. Осындай зертхананың ашылуы – облыс тұрғындарының денсаулығына салынған инвестиция, медициналық көмектің сапасын арттыру және өңірдің эпидемиологиялық қауіпсіздігін нығайту», – деді Ержан Әбілхасымұлы.

Аурухана директоры Ракишева Айман Галимжанқызының айтуынша, жаңа зертхана медициналық қызметтің маңызды диагностикалық буынына айналады.

«Бұл біз үшін жай ғана жаңа бөлімшенің ашылуы емес, сапалы жаңа кезеңге қадам басу. Заманауи жабдықтар мен білікті мамандардың арқасында жұқпалы ауруларды диагностикалау деңгейін едәуір арттырып, зерттеу нәтижелерін алу уақытын қысқартып, дәрігерлерді клиникалық шешім қабылдауға қажетті нақты мәліметтермен қамтамасыз ете аламыз. Бұл, ең алдымен, пациенттеріміздің қауіпсіз әрі тиімді ем алуына мүмкіндік береді», – деді Айман Галимжанқызы.

Зертхана Шеңгелді ауылында орналасқанымен, пациенттердің ол жерге баруына қажеттілік жоқ. Биологиялық материалдар Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында алынады. Кейін олар күн сайын арнайы талаптар мен температуралық режим сақтала отырып зертханаға жеткізіледі.

Зертханада микроорганизмдерді сәйкестендіруге және олардың бактерияға қарсы препараттарға сезімталдығын анықтауға арналған BD Phoenix M50 (Becton Dickinson, АҚШ) автоматтандырылған жүйесі орнатылған.

Қазіргі таңда зертханада Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы мен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында арнайы даярлықтан өткен бес маман қызмет атқарады.

Жаңа зертхананың ашылуы антибиотиктерге төзімділіктің артуы жағдайында ерекше маңызға ие. Зерттеу нәтижелері дәрігерге емдеу тактикасын дер кезінде түзетіп, нақты қоздырғыштың сезімталдығына сәйкес ең тиімді бактерияға қарсы препаратты таңдауға мүмкіндік береді.

Зертхананың жұмысы цифрлық жүйемен біріктіріледі. Зертханалық ақпараттық жүйені (LIS) Damumed және Smart Lab платформаларымен интеграциялау қарастырылған. Бұл зерттеу нәтижелерін медицина мамандарына жедел жеткізуге мүмкіндік береді.

Медициналық көрсетілімдер бойынша зерттеулер ТМККК және МӘМС аясында жүргізіледі. Сонымен қатар бекітілген прейскурантқа сәйкес ақылы зерттеу қызметтері де көрсетіледі.

Бактериологиялық зертхананың ашылуы – тек заманауи жабдықтарды іске қосу ғана емес, сонымен қатар Қонаев қаласының медициналық инфрақұрылымын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, мамандардың кәсіби әлеуетін арттыру және тәжірибелік медицинаға озық диагностикалық технологияларды енгізу жолындағы маңызды қадам.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зертхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Энрике Иглесиастың концерті кезінде 2 мыңға жуық полиция қызметкері кезекшілік атқарады

Бүгін 17:26

Алматыдағы жылу жүйесінің қорытынды сынақтары: штаттан тыс жағдай болуы мүмкін

Бүгін 16:52

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 15:52

Алматыда тағы 8 жастар денсаулық орталығын ашу жоспарланып отыр

Бүгін 15:50

Алматыда 4-13 қыркүйек аралығында Центральная және Талды көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 15:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);