AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Депутаттар Құрылтай регламентін қабылдады

Депутаттар Құрылтай регламентін қабылдады

Құрылтай Бүгін 10:44 36

Заң жобаларын қарау тәртібі айтарлықтай өзгертілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Құрылтай регламенті Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының нормаларына және «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес әзірленді. Құжат Құрылтай депутаттарының қызметін реттейді.

Регламент – Құрылтай қызметін ұйымдастыруды айқындайтын кешенді құжат. Ол Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның Палаталарының бұрын қолданыста болған регламенттері негізінде әзірленді. Құрылтайдың бір палаталы моделін және оның конституциялық өкілеттіктерінің жаңа жүйесін ескере отырып, отырыстарды өткізу тәртібі біріздендірілді, ал терминология жаңа Конституцияға сәйкестендірілді.

Құрылтайда заң жобаларын қарау тәртібі айтарлықтай өзгертілді. Заң жобаларын қараудың үш кезеңді моделі белгіленді. Бірінші оқылымда заң жобасының негізгі ережелері, мақсаттары мен міндеттері талқыланады. Екінші оқылымда бас комитеттің салыстырмалы кестесіне енгізілген түзетулер қаралады. Үшінші оқылымда заң жобасының түпкілікті редакциясы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі және құқықтық олқылықтарды жою тұрғысынан қаралады. Бұл ретте халықаралық шарттарды ратификациялау (денонсациялау) екі оқылымда қаралады.

Жаңа конституциялық орган – Қазақстан Халық Кеңесімен өзара іс-әрекет жасау тәртібі жеке регламенттелді. Оның өкілдері өз өкілеттіктеріне жатқызылған мәселелер бойынша тыңдауларға, тұрақты комитеттер мен жұмыс топтарының отырыстарына қатысуға құқылы.

Сондай-ақ депутаттық әдеп қағидалары мен Әдеп жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастыру тәртібі жеке айқындалады.

Қорытынды ережелер Құрылтай қызметінің басталуы кезінде заңнамалық процестің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Бұған дейін Мәжіліске енгізілген заң жобаларын Құрылтай жаңа Регламенттің қағидалары бойынша қарауды жалғастырады. Осылайша, құқықтық сабақтастық сақталып, Парламенттің екі палаталы моделінен бірыңғай Құрылтай қызметіне ұйымдасқан түрде көшу қамтамасыз етіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Инвестштабы 210,3 млрд теңгенің 12 жобасын қарады

Бүгін 11:30

Оркестр сахнасына дирижер болып робот шығады

Бүгін 11:13

Тоқаев Елена Рыбакинаны құттықтады

Бүгін 10:33

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:06

Алматыда 2026 жылдың басынан бері 53 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Бүгін 09:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);