Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Депутаттар қаншалық белсенді? 

Депутаттар қаншалық белсенді? 

Саясат 04.06.2025, 17:15 764
Депутаттар қаншалық белсенді? 
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы мәслихатының депутаттары арасында кім қаншалық белсенді? Бұл сұрақтың жауабын білу үшін Алматы қаласы Мәслихатына ресми сұрау жолдадық, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Сауалда жергілікті өкілді орган депутаттарының жергілікті атқарушы органдарға жолдаған сауалдары бойынша 4 сұрақ қойылды. Мақсатымыз сауалдардың саны арқылы бірмандатты округтер және партиялар фракциялары бойынша салыстырып, белсенділігін анықтау болды. 

Мажоритарлы сайлау жүйесі өз жемісін беріп жатыр

Берілген жауаптарды талдай келе, партия фракцияларына қарағанда бірмандатты округтер бойынша сайланған депутаттардың белсендірек екенін байқадық. Демек, 2023 жылы сайлауға енгізілген мажоритарлы сайлау жүйесі өз жемісін беріп жатыр. Бұл пікірімізге сын айтушылар да болуы мүмкін. Алайда дерек осы ойымызды дәлелдеп тұр. 

Биыл 3 қаңтар–16 мамыр аралығында Мәслихат депутаттары 533 сауал жолдаған. Оның 312-сі бірмандатты округтер бойынша сайланған депутаттарға тиесілі. Демек, сауалдың жартысынан көбін (58,5%) өзін-өзі ұсынғандар жолдаған. 

Сауалды көп жолдаған кімдер?

Бірмандатты депутаттардың ішінен Тимур Елеусізов (42), Алтынай Көбеева (39) және Қарашаш Джузеева (28) ең көп сауал жолдаған. Ал З.Өмірбаева, М.Өтемісов, Ә.Нәбиев, Ә.Тұрсын, Е.Сауранбаев, Е.Рақышев, Б.Ибрагимұлы, Д.Тастекеев, С.Козлов және Қ.Бегалин секілді депутаттардың әрқайсысы 4 ай ішінде 10-нан аз сауал жолдаған екен. 

Төмендігі кестені Мәслихаттың ресми жауабына сүйене отырып дайындадық. Онда бірмандатты округтер бойынша сайланған депутаттардың округтері мен жолдаған сауал сандары толық көрсетілген. 

"AMANAT" көш бастап тұр, алайда...

2023 жылғы сайлау қорытындысы бойынша Алматы қаласы Мәслихатына 5 саяси партия өткен. Олар "AMANAT", "Республика", "Ақ жол", "Байтақ" және Қазақстанның Халық партиясы (ҚХП). Депутаттық сауалдар саны бойынша "AMANAT" партиясы сенімді түрде көш бастап тұр. Билеуші партия депутаттары 422 сауал жолдаған.

Алайда бұл санның ішінде бірмандатты округтер бойынша сайланған депутаттар да бар. Өзін-өзі ұсынған 21 депутаттың 14-і "AMANAT" партиясының мүшесі. Оларға А.Көбеева, Ж.Дастан, Е.Бакарасова, Д.Рамазанов, Г.Бекенова, М.Зулеев, Б.Жұмабаев, А.Шин, З.Талғатов, З.Өмірбаева, Ә.Нәбиев, Е.Сауранбаев, Б.Ибрагимұлы және С.Козлов кіреді. Осы аталған депутаттардың сауалдарын қосатын болсақ 217 болады.  Демек, "AMANAT" партиясы тізімі бойынша сайланғандар 205 депутаттық сауал жолдаған. Бұдан 422 сауалдың жартысынан көбін бірмандатты округтен сайланған депутаттар жолдағанын көреміз. 

Осы орайда, мына жәйтты ескерте кеткен жөн. Дулат Рамазанов 2023 жылы сайлау алдында өзін партиясыз екені туралы ақпарат берген. Бірақ Мәслихат сайтында "AMANAT" партиясының мүшесі екені жазылған. Сол сияқты, Андрей Шин сайлау алдында осы партия мүшесі екені туралы ақпарат берген, алайда қазір сайтта қай партия мүшесі екені жазылмаған. Ал Тимур Елеусізов осыдан екі жыл бұрын "Байтақ" партиясы мүшесі екені туралы ақпарат берген. Бірақ қазір сайтта партиясыз деп жазылған. 

Қорытындылай келе, Алматы қаласы Мәслихаты депутаттары сауал жолдаудан белсенді екенін байқадық. Қала берді, барлық сауалға жергілікті атқарушы органдар жауап берді делінген ресми Мәслихаттың жауабында. Сондай-ақ, бірмандатты округтен сайланған депутаттар фракцияларға қарағанда белсенді жұмыс істеп жатыр. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мәслихат #мәслихат депутаты #белсенділік #сарапшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Түркияда өткен таеквондодан турнирде бес медаль жеңіп алды

Бүгін 12:32

Алматыда сот шешімімен ірі ғимарат сүріліп жатыр

Бүгін 12:16

Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын сотталды

Бүгін 12:10

Freedom Inside форумы: цифрлық экожүйелердің бизнес пен технологияларды қалай біріктіреді

Бүгін 12:05

Белгілі қазақстандық жазушылар мен ақындар «Кітап оқитын ұлт» жобасы Қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді

Бүгін 11:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика