Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дәстүрлі өнер – ұрпақ тәрбиесінің алтын өзегі

Дәстүрлі өнер – ұрпақ тәрбиесінің алтын өзегі

Барлығы 17.02.2026, 12:45 171
Дәстүрлі өнер – ұрпақ тәрбиесінің алтын өзегі
Сурет: автор

Ұлттың жаны – оның өнерінде. Күй мен жырдан, терме мен тағылымды сөзден нәр алған халықтың рухы ешқашан әлсіремейді. Өйткені дәстүрлі өнер – бүгінгі мен болашақты жалғап тұрған мәңгілік рухани көпір.

Қазіргі жаһандану дәуірінде өскелең ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруда ұлттық өнердің орны айрықша. Баланың жүрегіне туған тілдің әуезін, домбыраның қоңыр үнін, халық әнінің терең мағынасын сіңіру – оны өз болмысына, өз тамырына жақындатады. Дәстүрлі өнер арқылы бала тек өнерді ғана емес, ата-бабаның өмір сүру салтын, дүниені тану жолын, адамгершілік пен парасаттың өлшемін танып өседі.

Халықтық тәрбие – сөз бен сазға, өнеге мен өсиетке негізделген. Ертегі тыңдап өскен бала жақсылық пен жамандықты ажыратып үйренеді, жыр тыңдаған жас жүрек ел мен жерді сүюдің не екенін сезінеді, ал күй арқылы ол үнсіз сырды, ішкі жан дүниенің терең иірімдерін ұғына бастайды. Осындай рухани сабақтастық ұрпақтың ішкі мәдениетін қалыптастырып, оның болашақ тұлға ретінде орнығуына жол ашады.

Бүгінгі таңда осы асыл мұраны жас буынға жеткізуде мәдениет ошақтарының атқарып отырған қызметі зор. Соның бірі – ұлттық өнерді насихаттауды басты мақсат еткен «Алатау дәстүрлі өнер» театры. Театр сахнасында қойылатын балаларға арналған ертегі қойылымдары мен ұлттық ойын-сауық кештері жас көрерменнің жүрегіне жол тауып, дәстүрлі өнердің табиғи әрі әсерлі тілін ұсынады. Әр қойылым – жай ғана мәдени шара емес, ол – ұрпақ санасына себілген рухани дән.

2026 жылдың қаңтар–ақпан айларында «Алатау дәстүрлі өнер» театры Алматы қаласындағы бірқатар білім беру ұйымдарында мәдени-ағартушылық бағыттағы гастрольдік іс-шараларын өткізді. Атап айтқанда, театр ұжымы балаларға арналған «Әгугай мен Игигай» ертегі-қойылымын және жастарға арналған «Алтыбақан»ойын-сауық ән кешін сахналады. Қойылымдар: №176 жалпы білім беретін мектеп, №209 мектеп-гимназия, №154 жалпы білім беретін мектеп, №180 жалпы білім беретін мектеп, №185 мектеп-гимназиясында, сонымен қатар, театр әртістері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында студенттерге арналған «Алтыбақан» ойын-сауық ән кешін ұйымдастырды. Университет қабырғасында өткен мәдени шаралар легі аясында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш те көрерменге жол тартты. Аталған рухани кеш 9 ақпан күні университетте өткен болатын.

Театр ұжымы қойған «Әгугай мен Игигай» ертегі-қойылымы балалардың қиялын дамытып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталса, «Алтыбақан» ойын-сауық ән кеші жастарды салт-дәстүрге баулып, қазақтың ұлттық ойын-сауық мәдениетін кеңінен насихаттауға арналды. Театр әртістерінің өнерін мектеп оқушылары мен студенттер жылы қабылдап, мәдени шаралар көрермендердің жоғары бағасына ие болды.

Дәстүрлі өнердің тәрбиелік қуаты оның табиғи тазалығында. Онда жасандылық жоқ, халықтың өмір тәжірибесінен, ғасырлар бойы сұрыпталған ақыл-ойынан туған терең философия бар. Ән мен күй баланы сабырға, сөзге тоқтауға, үлкенді құрметтеп, кішіні қадірлеуге үйретеді. Бұл – ешбір оқулықпен толық жеткізу мүмкін емес рухани мектеп.

Ұлттық өнерді танып өскен ұрпақ өз болмысына сенімді болады. Ол жат мәдениеттің жетегінде кетпей, өз құндылығын қорғай алатын, елінің тарихы мен тағдырын жүрегімен сезінетін азамат болып қалыптасады. Сондықтан дәстүрлі өнер – ұлтты ұлт етіп сақтап тұрған басты тіректердің бірі.

Қорыта айтқанда, дәстүрлі өнер – тек сахнадағы көрініс емес, ол – ұрпақ тәрбиесінің өміршең тетігі, рухани қауіпсіздіктің қалқаны. Бүгін өнер арқылы баланың жүрегіне жол тапсақ, ертең ел тағдырын ойлайтын саналы, мәдениетті, отансүйгіш ұрпақ қалыптасары сөзсіз. Ұрпақ тәрбиесінде дәстүрлі өнердің орны – мәңгілік.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өнер #Дәстүр #Алатау театры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізіледі?

Бүгін 09:30

Алматыда қалың қарға байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Бүгін 09:19

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

Кеше 19:31

Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады

Кеше 19:30

Республикалық референдумға дайындық: мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

Кеше 19:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика